«Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты сынып сағаты » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты сынып сағаты
14
ноябрь
2022

«Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты сынып сағаты

«Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысыГюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі,ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір!«Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз
 айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынғаайырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымызжелкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, алер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі  ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бірқараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы менқарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттердімүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады.


       Осы мақсатта  «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында 10 ҚГБ сынып жетекшісі Серік Данна Серікқызы зорлық-зомбылық туралы толық мағлұмат берді. 


      Сынып сағаты барысында оқушыларға сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын толық жеткізе білді.

1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?

2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар

3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?

4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?

5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай?  

        «Жетімдер», «Зорлық-зомбылықсыз әлем», «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыптарында видеороликтер көрсетіліп, өз ойларын еркін жеткізе білді. 


        Сонымен қатар өз отбасыларының қандай болғанын қалайсыңдар деген сауалда оқушылар жанұя мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, әдепті қарым-қатынас, жанұядағы мүшелердің бір-біріне қамқорлығы, ата-анасының балаларына деген үлгі өнегесі, балаларының ата-анасына деген мейрімділігі, құрметтеуі, жанұяда ата дәстүрдің сақталуы, атаны тыңдау, әженің қадір қасиетін түсіну, ата-әжені ардақтау, әке ұлына, ана қызына  дос, ақылшысы болса деп өз пікірлерін білдірді.  

         «Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек. Осы мақсатта «Бала құқығы» ағашы жасалды. Ол жерде балалар өздерінің құқықтарын қаншалықты білетіндіктері туралы айтты.

          Сынып сағаты соңында оқушылардан зорлық-зомбылыққа байланысты анкеталық сұрақтар алынды. Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.