"Бала құқығы - асыл қазына" дөңгелек үстел
16.11.2022 ж күні 9-сынып жетекшісі: Турсынбаева Қ, 10-сынып жетекшісі:Серік Д, 11-сынып (қгб) жетекшісі: Меркибаева Д, 11-сынып (жмб) жетекшісі: Болат А. ұйымдастыруымен «Бала құқығы-асыл қазына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Данна Серікқызы дөңгелек үстелді бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, шуақты тілектен бастады. Оқушылар бір-бірлеріне жылы тілектерін айтты. Одан кейін Данна Серікқызы оқушыларға психологиялық тренинг өткізді. Мәтін оқылып, оқушыларға -Не сездіңіз? -Қандай сезімде болдыңыз? т.б сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалынды. Динара Шушановна Бала құқықтары туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы заңы, ҚР Конституциясы, ҚР Қылмыстық кодекстеріне тоқталып өтті. Ажар Асқарқызы «Wordwall» сайты арқылы тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап алды. Қымбат Модахуновна «Тығырықтан шығар жол қайсы?» яғни оқушыларға тақырыпқа байланысты ситуациялық жағдайлар беріліп , оқушылар дұрыс ситуациялық жағдайдан шықты. Сандар сөйлейді, Данна Серікқызы оқушылардан Мемлекеттік мерекелерді сұрады. Оқушылар барлығына дұрыс жауап берді. Кім көп біледі? Ажар Асқарқызы оқушыларға «Қазақстан» сөзін беріп, әріптерден сөздер құрастыру тапсырмасын берді. Оқушылар әр-түрлі сөздер құрастырды.
Қорытынды. Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығаруымыз керек.
