Өзін-өзі басқару ұйымы » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзін-өзі басқару ұйымы
Батырлар рухына бас иеміз
09
май
2023
Батырлар рухына бас иеміз
9 мамыр Жеңіс мерекесіне орай Мектеп парламенті «Өзін өзі басқару» ұйымының «Өнер және мәдениет» фракциясының ұйымдастыруымен Миялы ауылдық мемориалды ескерткіш алаңында "Батырлар рухына бас иеміз" атты мерекелік шара болып өтті. Шараға ауыл ақсақалдары , тыл еңбеккерлері қатысып,сонау соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Шара барысында мектеп парламенті мүшелері мерекелік жыр шашулары мен әндерін шырқады.
Достық фестивалі
28
апрель
2023
Достық фестивалі
Мектеп парламенті «Өзін өзі басқару» ұйымының «Мәдениет және өнер фракциясының» ұйымдастыруымен 28.04.күні 1 мамыр мерекесіне орай «Достық фестивалі» тақырыбында мерекелік іс- шара ұйымдастырылды.Шара барысында елімізде тату- тәтті өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, мың бұрала билеген бишілердің орындауында әр ұлттың ұлттық билері орындалды.
" Шын жүректен мың алғыс! " атты шара
01
март
2023
" Шын жүректен мың алғыс! " атты шара
Мектепішілік алғыс айту күніне арналған " Шын жүректен мың алғыс!" атты шарада жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасының облыстық,аудандық кезеңінде орын алған оқушылар марапатталды.
"Бейбітшілік - ел тілегі" іс-шарасы
29
апрель
2022
"Бейбітшілік - ел тілегі" іс-шарасы
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында іс-шара өтті. Жетекшісі Азимбаева М.О. Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында әр сынып ұлттардың сәлемдесуін және өнерлерін көрсетті. Жетекшісі Азимбаева М.О
"Екі жұлдыз" сайысы
01
март
2022
"Екі жұлдыз" сайысы
Мектебімізде ақпан айының 25 жұлдызында педагог-ұйымдастырушы Азимбаева Мейрамкул Омаровнаның ұйымдастыруымен оқушылар арасында "Екі жұлдыз" байқауы өтті. Байқауға оқушылар жақсы дайындықпен келген. Нәтижесінде бас жүлдені 9-сынып оқушылары "Егіз-лебіз" тобы Темірхан Шерхан мен Нарбин Зарина алды.
"ХХІ ғасыр Гомері"  атты тәрбие сағаты
28
февраль
2022
"ХХІ ғасыр Гомері" атты тәрбие сағаты
Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәрбиелеу мақсатында"ХХ ғасыр Гомері" тақырыбында тәрбие сағаты өтті, "Жас Ұлан"ұйымы, өткізген білім министрі Мейірхан Әлия, жетекшісі Азимбаева М.О
Өзін-өзі басқару жоспары 2021-2022 оқу жылы
06
сентябрь
2021
Өзін-өзі басқару жоспары 2021-2022 оқу жылы
Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасына сәйкес   «Мектеп / студенттік парламент» білім алушылардың  өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын  ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес    «Мектеп / студенттік парламент» білім алушылардың  өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын іс шаралар жоспары