Байқаулар мен жарыстар » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Байқаулар мен жарыстар
Қауіпсіз дөңгелек-2023
25
апрель
2023
Қауіпсіз дөңгелек-2023
Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларын ескерту бойынша жұмыстарды жетілдіру және балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу мақсатында 25.04.күні "Жас полиция көмекшілері" клубының жетекшісі Балабай Талғат Балабайұлының "Қауіпсіз дөңгелек-2023" байқауы өткізілді.
"Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы"
02
март
2023
"Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы"
АӘД жетекшісі Мейрманов Т. Т және ұлдар жетекшісі Омар А. Ж ағайлардың ұйымдастыруымен "Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы" тақырыбында әскери-спорттық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты және міндеті: 1.Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу, әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру. 2.Оқушылар арасында достықты нығайту. 3.Оқушылардың дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру.
«Би Баттл»
24
февраль
2023
«Би Баттл»
5-7 сынып оқушылар арасында « Би Баттл » атты би сайысы өткізілді.  Сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз, оқушылардың   бос уақыттарын тиімді пайдалану, би өнерінің түрлерімен, би қозғалыстарымен таныстыра отырып, сахна мәдениетін, билеу мәнерін, актерлік шеберлігін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
"Қазақ поэзиясының Хан тәңірі Мұқағали"
09
февраль
2023
"Қазақ поэзиясының Хан тәңірі Мұқағали"
 "Қазақ поэзиясының Хан тәңірі Мұқағали "атты мәнерлеп оқу сайысына хабарлама  Апқан айының 9-шы жұлдызында Қазақ поэзиясының символына айналған Мұқағали Мақатаевтың жыл сайын туған күні қарсаңында мектебімізде мәнерлеп оқу,әдеби   кештер үздіксіз өткізіледі. Осы орайда   "Қазақ поэзиясының Хан тәңірі Мұқағали " атты мұзбалақ ақиық ақынның 92 жылдық мерейтойына арналған мәнерлеп оқу жарысы ұйымдастырылды.  Мақсаты:  Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру,
"Отбасы - асыл қазына" сурет байқауы
16
май
2022
"Отбасы - асыл қазына" сурет байқауы
Технология пәнінің мұғалімі Балабай Талғат Балабайұлы Отбасы күні мерекесіне орай "Отбасы-асыл қазына" тақырыбында сурет байқауын өткізді. Байқауға оқушылар белсене қатысып, шығармашылық жұмыстары бойынша оқушыларды марапаттады.
"Жігіт сұлтаны" байқауы
04
май
2022
"Жігіт сұлтаны" байқауы
Балалар жылына орай бастауыш пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Мақсаты :   Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Байқау соңында 1-сынып оқушысы Берлыхан Батырхан
"Заңды білу - заман талабы" атты мақала байқауы
25
февраль
2022
"Заңды білу - заман талабы" атты мақала байқауы
 Әрбір адам  өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай,   тура  жолмен  жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Заңды білу – заман талабы. Мектептегі құқықтық сауаттылықты қалыптастыру – негізгі құқықтық бағыттағы тәрбие жұмыстары болып табылады.  Осы мақсатта 24 ақпан күні 11-сынып жетекшісі Бейсетаева Н, 10-сынып жетекшілері  Меркибаева Д, Болат А, 9-сынып жетекшісі Серік Д, 8-сынып жетекшісі Турсынбаева Қ ұйымдастыруымен  8-11
Сурет байқауы
24
январь
2022
Сурет байқауы
20.01.21ж күні    « Менің елім –   Қазақстан» тақырыбындағы сурет байқауы    4  –  8  сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды. Басты мақсат – өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ талапты шәкірттердің суретшілік өнерін дамытуға және көпшілікке насихаттауға бағытталған болатын.           Оқушылар Қазақстан  туралы білгендерін