"Қазақ поэзиясының Хан тәңірі Мұқағали" » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қазақ поэзиясының Хан тәңірі Мұқағали"
09
февраль
2023

"Қазақ поэзиясының Хан тәңірі Мұқағали"

 "Қазақ поэзиясының Хан тәңірі Мұқағали "атты мәнерлеп оқу сайысына хабарлама

 Апқан айының 9-шы жұлдызында Қазақ поэзиясының символына айналған Мұқағали Мақатаевтың жыл сайын туған күні қарсаңында мектебімізде мәнерлеп оқу,әдеби   кештер үздіксіз өткізіледі. Осы орайда   "Қазақ поэзиясының Хан тәңірі Мұқағали " атты мұзбалақ ақиық ақынның 92 жылдық мерейтойына арналған мәнерлеп оқу жарысы ұйымдастырылды.  Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Нәтижесінде: Оқушылар өлеңдерінің халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін білді. Ақын өлеңдерін оқи отырып,адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке әннен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиеленді. Оқушыларға М.Мақатаевтың өмірі туралы бейнефильм көрсетілді.

         Қазақтың әйгілі ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз кеңшарында дүниеге келген. Ақынның азан шақырылып қойылған аты-Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен. Мұқағалидың әкесінің аты Сүлеймен, ал анасының аты Нағиман.Оқушылар М.Мақатаев туралы өздері білетін мәліметтерімен бөлісті. Байқауға 2-9сынып оқушылары жыр падишасының туындыларын орындап, жүрекжарды шығармаларын оқыды. Жарыстың шарты бойынша,  қатысушылар мұзбалақ ақын Мұқағалидың  өлеңдерін ортаға салды.                                                                                                                                

Мәнерлеп оқу сайысынан