"Заңды білу - заман талабы" атты мақала байқауы
Әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Заңды білу – заман талабы. Мектептегі құқықтық сауаттылықты қалыптастыру – негізгі құқықтық бағыттағы тәрбие жұмыстары болып табылады. Осы мақсатта 24 ақпан күні 11-сынып жетекшісі Бейсетаева Н, 10-сынып жетекшілері Меркибаева Д, Болат А, 9-сынып жетекшісі Серік Д, 8-сынып жетекшісі Турсынбаева Қ ұйымдастыруымен 8-11 сынып аралығында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында мақала байқауы өтті. Байқауға 10 оқушы қатысты. Алдын-ала «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында мақала жазып өткізді. Мақаланы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серік Жанна Серікқызы оқушылардың жұмысын саралап, бағасын берді. Сол бағалау бойынша оқушылар өздерінің көрсеткіштеріне қарай марапатталды. Мақала бойынша бас жүлдені 9-сынып оқушысы Маратқызы Балжан жеңіп алды. 1-орынмен 9-сынып оқушысы Маратқызы Н, 10-сынып оқушысы Жолдасбай Ұ, 2-орынмен 8-сынып оқушысы Елтай Г, 10-сынып оқушысы Берікқызы Ж, 11-сынып оқушысы Кемелғазы А, 3-орынмен 8-сынып оқушылары Нақысбек Е, Мейірхан Ә, 11-сынып оқушысы Темірхан Т, Бекзатқызы А иеленді.



