"Жаратылыс сыры-ғылымда" атты жаратылыстану ПБ апталығы
Математика пәнінің мұғалімі Рамазанова Айгерім 5-6 сынып оқушыларымен «Қызықты математика» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті. Математикалық ойынның мақсаты: Оқушыларды математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту. Сайыс 6 бөлімнен тұрды. 5 сыныптар «Алғырлар», 6 сыныптар «Қырандар» болып 2 топқа бөлінді. Оқушылар дайындықпен келген. Топтар өздеріне ат қойып таныстыруларын, ұрандарын айтты. Логикалық тапсырмаларды мұқият орындап, жаңылпаштарды жақсы орындады. Жанкүйерлер де сұрақтарға жақсы дайындалып келіпті. Сайыста ұпай санымен 5 сынып оқушылары «Алғырлар»тобы I орын иеленді, ал 6 сынып оқушылары «Қырандар» тобы II орын иеленді.


География пәнінің мұғалімі Асылбаева Г пен информатика пәнінің мұғалімі Серік Даннаның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында «Жаратылыстану әлемінде» тақырыбында зияткерлік ойын өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын 8 – бөлім бойынша өтілді. Оқушылар сайысқа жақсы дайындықпен келген. Информатика, география пәні бойынша білімдерін жақсы көрсете білді. Нәтижесінде І орынды «Компьютер» тобы, ІІ орынды «Интернет» тобы, ІІІ орынды «Антивирус» тобы жеңіп алды және мадақтамамен марапатталды.


Математика пәнінің мұғалімі Усенова Толқын 2-желтоқсан күні жаратылыстану бағытындағы 10-сыныпқа «Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында үлгілі сабақ өткізді.

3-желтоқсан күні биология пәнінің мұғалімі Меркибаева Динара 8-сынып оқушыларымен «Жүрек – қан тамырлар жүйесінің аурулары» тақырыбында ашық сабағым өтті. Сабақтың мақсаты: 8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау.
3-желтоқсан күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ақбар Ләззат 5- сыныпта «Еңбек қуанышы» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Ашық сабақтың мақсаты: «Адам өміріндегі адал еңбектің маңыздылығын түсіну арқылы, дұрыс әрекет құндылығын оқушылар бойына сіңіру».


