"СПИД - ғасыр дерті" дөңгелек үстел
Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күнінің мақсаты-АҚТҚ/ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыру, індетке қарсы күресте қоғамның күш-жігерін жандандыру және пандемия жағдайында халықаралық ынтымақтастықты көрсету. Барлық мемлекеттік және жеке құрылымдардың ұйымдастырылған күш-жігері АҚТҚ/ЖИТС-тың таралуының алдын алу бағдарламаларын қолдауға, оқуды ұйымдастыруға және АҚТҚ/ЖИТС-тың барлық аспектілері бойынша ақпарат беруге бағытталған.
01.12.2022 ж күні 10 ҚГБ сынып жетекшісі Серік Данна Серікқызы мен 10 ЖМБ сынып жетекшісі Саухан Айбол Сабырұлы «СПИД – ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты : Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД – тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты пролбемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Дөңгелек үстелге мектеп медбикесі Бакирова Ғалия Құрманғалиқызы, әлеуметтік – педагог Ақбар Ләззат Берікқызы қатысты.

Дөңгелек үстел «Жалпы денсаулық дегеніміз не?» сұрағы қойыла отырып, оқушылардың пікірі тыңдалды.

Дөңгелек үстел барысында «Темекі туралы», «Арақ бал емес», «Есірткі туралы» бейнебаяндар көрсетіліп, сол бойынша сұрақтар қойылып, талқыланды.

СПИД туралы сынып жетекшісі мәлімет беріп, мектеп медбикесі толықтай түсіндіріп, қосымша оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.