№1 Ата-аналар жиналысы
3.09.2021ж санитарлық талаптарды сақтай отырып жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде төмендегі аталған мәселелер қаралды:
1. 2021-2022 оқу жылының ерекшеліктерімен таныстыру
2. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы
3.Оқушының жолда жүру қауіпсіздігі, өмір қауіпсіздігі туралы ақпараттар беру
4.Ата-аналар кеңесін сайлау және оның жұмысын жоспарлау
Жиналысқа әр сыныптан 2 ата -анадан қатыстырылды.Әлеуметтік қашықтық сақталды. Жиналыс барысында мектеп директоры Б.О.Жумабеков ата -аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа оқу жылына табыс тіледі. Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісінің орынбасары К.А.Мурзахметова ата аналарды жаңа оқу жылындағы ерекшеліктермен таныстырды. Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» оқулықтары табыс етілді. Сабақ ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды. Білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілді. Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарту. Міндетті формативті бағалау туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Білім беру ұйымдарында: білім алушылар педагогке аты-жөнін (есімі, әкесінің аты) немесе «Мұғалім» деп айтады; педагог білім алушылардың есімін айтуы тиіс екендігі айтылды. Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Толегенова санитарлық эпидемиологиялық талаптардың сақталуы туралы айтып өтті. 1 қыркүйекте дәстүрлі форматта білім беру ұйымдарын ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ұсынылды.


