2021-2022 оқу жылының тәрбие жоспары » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылының тәрбие жоспары

Қазақстан Республикасының

                                                                                                                                                        Білім және ғылым министрі

2021 жылғы 16 қыркүйектегі

                                                                                                                                                                     № 472 бұйрығына

                                                                                                                                                        1-қосымша

Қазақстан Республикасы

                                                                                                                                                      Білім және ғылым министрінің

                                                                                                                                                         2020 жылғы 6 сәуірдегі

                                                                                                                                                                     № 130 бұйрығына

                                                                                                                                                        1-қосымша



«Қарағаш орта мектебі»  мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 

2021-2022  оқу жылына арналған тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері



ТАҚЫРЫБЫ:

Ұлттық рухы биік адамгершілігі жоғары салауатты өмір салтын ұстанатын елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті,  жаңашыл тұлға қалыптастыру 



Мақсаты:   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары балалар мен жастарды тәрбиелеу . XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан – жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу 


  • Тәрбие берудің мақсаты білім алушылардың қоршаған ортада шынайлылықты түсінуге, өзінің даралығын сезінуге, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге бағытталған тәрбиелік шараларды ұйымдастыру.



  • Кәсіби шығармашылық танымын кеңейту, мамандықты дұрыс таңдауда бағыт-бағдар беру және адам белгілі бір

  іс-әрекет саласына еніп, бір ізге түсуіне көмек беру.

                        

  • Бала тәрбиесінде жаңа заман талабына сай ата-аналардың өзіндік идеяларын іске  асыруға мүмкіндіктер туғызу.





















ТҮСІНІК ХАТ

«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің  2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары ҚР білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі  № 145   бұйрығымен бекітілген  2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру аясындағы тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа  ала отырып құрылды.

Тәрбие жұмысы 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру аясындағы тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінде   көрсетілген төмендегідей бағыттар бойынша жоспарланып, жүргізіледі:

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі  білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы талаптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның ең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі.

       ТӘРБИЕ  ЖҰМЫСЫНЫҢ   БАСЫМ  БАҒЫТТАРЫ:                   

І.    Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие және құқықтық тәрбие

ІІ.   Рухани- адамгершілік  тәрбие

ІІІ.  Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру

ІҮ.   Мектептегі отбасылық тәрбие

Ү.    Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

        ҮІ.   Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

ҮІІ.   Зияткерлік тәрбие   құндылығы

ҮІІІ.  Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру



ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ: Тәрбие тұжырымдамасының сегіз бағытын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеасының жеті құндылығымен ұштастыра отырып жүзеге асырылады. 

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БАСТЫ 7 ҚҰНДЫЛЫҒЫ:

  • Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
  • Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
  • Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
  • Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
  •  Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
  • Тарихтың,  мәдениет пен тілдің ортақтығы.
  • Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

 2021-2022 оқу жылының жоспарын жасау барысында   2021-2022 оқу жылына арналған «Әдістемелік нұсқау  хатында» көрсетілген атаулы даталарды, ұсынылған  жобаларды   басшылыққа алып, еріктілер тобының жұмысын енгізіп, туған өлкенің қасиетті жерлеріне саяхаттар енгізіліп,   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығымен әзірленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде  жасалып   жұмыс жоспарына енгізілді. 

Негізгі басым бағыттарға қоса оқушы өмірінің қауіпсіздігі, балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу, балалар мен жасөспірімдер бойында жағымды өмірлік ұстаным қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу, оқушылардың өзін-өзі басқару органы мен жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың жазғы еңбек практикасын және сауықтыру демалысын ұйымдастыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілерімен әдістемелік жұмыс, тәрбие жұмысын бақылау, тәрбие жұмысы жүйесінің мониторингілеу жұмыстары жоспарланды.

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта жүзеге асады.

2021-2022 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілін енгізу тәрбие жұмысының ерекшелігі болып табылады. 

Жобаның мақсаты: 

- білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту;

 - білім алушылардың өзін-өзі тануын, өздігінен дамуын, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру; 

- экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын тәрбиелеу.

Тәрбие жүйесін білім беру ұйымының ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Білім алушылардың дамуы үшін жобаны жүзеге асыруға барлық қызметкерлер өз үлесін қосады. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес, «Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс. Өзінің өнегелі үлгісі негізінде баланы тәрбиелеу – мақсатқа жеткізетін бірден-бір дұрыс тәрбие көзі болып табылады. Бұл бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен, әлеуметтенудің басқа нысандарымен білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста және ынтымақтастықта тәрбие жұмысының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырады:


Тәрбие саласына қатысты қазақстандық және халықаралық мерекелер мен атаулы күндер:


  • 10 тамыз  - ҚР   Үкіметінің қаулысымен Абай күні;
  • 30 тамыз  - ҚР   Конституциясы  күні;
  • 1 қыркүйек -  Білім күні;
  • 10 қыркүйек - Отбасы күні;
  • 15 қыркүйек - Денсаулық фестивалі. (1 аптасы.)
  • 15.09-19.09.  Діни экстремизмнің алдын алу күні
  • 22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері мерекесі күні;
  • 1 қазан - Қарттар күні;
  • 1 қазан - Ұстаздар күні;
  • 30 қазан  - Алкогольмен күрес күні;
  • 28.10. - Еңбек күні.
  • 15.10-15.11. Құқықтық тәрбие айлығы.
  • 16.11-20.11. Мәңгілік Ел. ҚР Ассамблеясына 21 жыл
  • 15 қараша -  Ұлттық валюта күні;
  • 02.11.-07.11. Зорлық-зомбылықтың алдын алу.
  • 03.11- 03.12. Дүниежүзілік адам имундық  тапшылық синдромымен күрес күні. ЖҚТБ-АИТВ алдын алу.
  • 18.11. Рухани келісім күні.
  • 20 қараша – Балалар  құқығытуралы Конвенция күні;
  • 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні;
  • 10 желтоқсан - Адам құқығы күні;
  • 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні;
  • 26.12 - 30.12. – Жаңа жыл.
  • 10.01-10.02.  «Абайлаңдар, балалар!» айлығы
  • 10.01.-20.01. Қылмыстың алдын алу күні.
  • 18 қаңтар – Тұмаудың алдын алу күні;
  • 10.02-10.03. -  «Өмірге Иә деп айт!» Республикалық ақпараттық науқан
  • 15 ақпан – Салауатты өмір салты күні;
  • 15 ақпан - Кеңес әскерінен Ауғанстаннан шығарылған күні.
  • 23.02.-24.03. Туберкулездің алдын алу айлығы.
  • 01.наурыз - Алғыс айту күні.
  • 1 наурыз –  Азаматтық қорғаныс күні;
  • 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
  • 22 Наурыз – Наурыз  мерекесі;
  • 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні;
  • 7 сәуір -  Дүниежүзілік денсаулық күні;
  • 10 сәуір - Ескерткіштерді қорғау күні.
  • 10 сәуір - 21 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты Республикалық ақпараттық науқан
  • 12 сәуір – Ғылым және Космонавтика күні;
  • 10 сәуір мен 10 мамыр аралығы Патриоттық тәрбие айлығы. (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.)
  • 1 мамыр - халықтар достығы және ынтымақтастығы күні;
  • 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр - Жеңіс күні;
  • 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні;
  • 31 мамыр – Саяси қуғын сүргінқұрбандарын еске алу күні.
  • 1 маусым  - Балаларды қорғау күні;  4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күні;



2021-2022 оқу жылында құндылықтарға негізделген 

оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар ұсынылады:

  •  «Оқуға құштар мектеп»; 
  • «Отбасы – орта мектеп»;
  •  «Құқықтық сана – қауымға пана»;
  • «Дәстүр мен ғұрып»;
  • «Еңбек – елдің мұраты»;
  • «Үнем – қоғам қуаты»;
  • «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет» 
  • «Психологиялық көмек көрсету және мектептің татуластыру қызметтерін ұйымдастыру» 
  • «Қоғамға қызмет»;
  • «Мектеп өмірінің бір күні»;
  • «Дебат» қозғалысы; 
  • Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымдары; 
  • «Өзін-өзі басқару күні», «Өзін-өзі басқару аптасы» жобалары; 
  • «Музей сабақтары» – «Музей күні» жобасы;
  • «Театр сабақтары» жобасы. 

Оқу жылының әрбір аптасында өткізілетін 34 сынып сағатының тақырыптары ұсынылады 


2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНТІЗБЕЛІК КҮНДЕР:


  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл;
  • Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;
  • Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;
  • Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы 

Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;

  • Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;
  • Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл; 
  • Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
  • Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;
  • Көрнекті этнограф, жазушы, әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл. 



ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ БАСШЫЛЫҚҚА АЛЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР


Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесі құжаттар: 

  • «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы    https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;
  • 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext;
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
  • «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
  • «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
  • «Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt
  •  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/ 
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/



Негізгі жұмыс бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

1) 

«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы 

https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;


Керекті мәліметтер оқу

Мектеп әкімшілігі

Үнемі 

2)

Қазақстан Республикасының Конституциясы 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;


Керекті мәліметтер оқу

Құқық пәнінің мұғалімдері

Үнемі 

3)

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Үнемі 

4)

2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext;


Керекті мәліметтер оқу

Әлеуметтік педагог


Үнемі 

5)

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;

Керекті мәліметтер оқу

Мектеп әкімшілігі

Үнемі 


 «Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 


6)

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dtзаңы бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсету

Керекті мәліметтер оқу

Әлеуметтік педагог

Психолог

Үнемі 

7)

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әлеуметтік педагог

Психолог

Үнемі 

8)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Үнемі 

9)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/ 


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер

Үнемі

10

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/.


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Үнемі








ІІ.Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету

Негізгі жұмыс бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі

1

«2021-2022 оқу жылының мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлауға қойылатын негізгі талаптар»,                  Сынып жетекшілерді анықтау 

Сынып жетекшілер ӘБ жұмысын ұйымдастыру

Жоспар, бұйрық, хаттама 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тамыз 

2

Оқушылардың әлеуметтік жағдайы паспортын дайындау

Паспортын әзірлеу 

Әлеуметтік педагог 

Тамыз-қыркүйек 

3

Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамту.

«Мектепке жол» акциясы. Оқушыларды мектепке дайындау.

Құжаттар дайындау 

ДТІЖО                      Әлеуметтік педагог                                          Педагог ұйымдастырушы

Жыл бойы 
















ІІІ.Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар

1.Бағыты: Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиелеу, құқықтық тәрбие                                                                                            Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.                                                                 « Құқықтық сана- қауымға пана»     жобасы

Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

1.Әр дүйсенбіде сабақты Гимнмен бастауды дәстүрге айналдыру


 Гимн айту


ДТІЖО С.Толегенова

АӘД Т. Мейрманов

Сынып жетекшілер

Әр дүйсенбі

2. « Кел,балалар оқылық»  салтанатты жиын іс- шара                                                     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің                                     30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық  тәрбие,сынып сағатын өту


Жоспар  анықтама

ДТІЖО С.Толегенова


Сынып жетекшілер



Қыркүйек

3.«Ата Заңым- ардақтым» кітаптар көрмесі


Көрме,мәлімет

Кітапханашы С. Макибаева


Қыркүйек

4.«Оқушылардың ұялы телефонды қолдануы» дәрістер жүргізу

Дәріс

Сынып жетекшілер



Үнемі

5.ЖЖЕ бойынша, өмір қауіпсіздігі, үй жағдайындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру, ұйымдастыру

Жоспар

Сынып жетекшілер



Ай сайын

6. «Жас ұлан», «Жас қыран, «Жас сарбаз»                            әскери -патриоттық клубтары мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру ,жоспар жасап бекітуге ұсыну


Жоспар

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева

АӘД  Т.Мейрманов


Қыркүйек

7.«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын ұйымдастыру,жоспар жасау,бекітуге ұсыну


Жоспар

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева

Қыркүйек

8.«ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» оқушылардың мәдени-білім беру жалпы ұлттық дебаттық қозғалысы» жобасын ұйымдастыру,жоспар жасау бекітуге ұсыну

Жоспар

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева

Г.Оспанбаева

Қыркүйек


9. Білім алушылардың психологиялық денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында: зорлық-зомбылықтың алдын алу, суицидтің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру,бірлескен жұмыс жоспарын жасау,бекітуге ұсыну 



Жоспар

Мәлімет

ДТІЖО С.Толегенова

Психолог Г.Жакенбаева

Әлеуметтік педагог Л.Ақбар




Қыркүйек


10.«Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру» жобасы «Тәуекел тобындағы» балаларды анықтау және оларға уақытылы көмек көрсету



Жоспар

Мәлімет



Психолог Г.Жакенбаева

Әлеуметтік     педагог Л.Ақбар


Уақытында

11.«Тәуекел» тобындағы балаларды анықтау,жұмыс жоспарын құру


Жоспар

Әлеуметтік     педагог Л.Ақбар


Қыркүйек

12. «Әдепті адам-әдемі адам» оқушылар арасында бейәлеуметтік құбылыстардың нашақорлық, темекі шегу және алкоголизмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру 



Жоспар

Мәлімет

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева

Сынып  жетекшілер




Уақытында

13.«Құқықтық сана-қауымға пана» білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыру жұмысын жоспарлау 

Жоспар

ДТІЖО     С.Толегенова

 Сынып жетекшілер

Қыркүйек

14.«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру 


Жоспар        Мәлімет

Әлеуметтік  педагог Л.Ақбар

Сынып жетекшілер

Уақытында

15. «Түнгі ауылдағы балалар», «Жасөспірім» рейд жұмыстарын ұйымдастыру


Мәлімет

Мектеп  әкімшілігі

Сынып жетекшілер

Ата-аналар 

Үнемі

16. ҚР тілдер күнін ұйымдастыру «Тіл- татулық тірегі» апталық 


Жоспар мәлімет

Ж.Серік

Р.Ажибиева

Қыркүйек

2

17.Құқықтық кеңес отырысы (жеке жоспар)


Жоспар, хаттама


 ДТІЖО


Тоқсанына                 1 рет

18. «Семей полигоны-тарихтың қасіретті беттері»                       Семей полигонының жабылуына 

30 жыл (сыныптан тыс тәрбие сағаты)

Жоспар

Мәлімет

Меркибаева Д

Болат  А

26.11.2021ж

3


19. «Ұлттық валюта-теңге күні»  сынып сағаттары


Жоспар, мәлімет


Сынып  жетекшілер

қараша


20. «20 қараша Балалар құқығы туралы Конвенция күні» сынып сағаттары

Жоспар, мәлімет


Сынып  жетекшілер

қараша


21.«Мемлекеттік Рәміздер-менің мақтанышым»       (жеке жоспар)



Жоспар

Мәлімет


ДТІЖО, 

Педагог-ұйымдастырушы



Жоспар бойынша

22.«Елбасы елмен бірге» іс-шара (жеке жоспар)


Жоспар 

Мәлімет

ДТІЖО

Сынып жетекшілер


желтоқсан

4


23.«Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына,                               «Адал ұрпақ» клубына оқушыларды қабылдау 


Жоспар, мәлімет,хаттама

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева


Қыркүйек

Желтоқсан 

24.«Тәуелсіздіккке тарту» мерекелік іс- шара                     

(жеке жоспар)

Тәуелсіз елім-тірегім,самғауыңды тіледім! сыныптан тыс ашық шара

Жоспар 

Мәлімет

ДТІЖО 

Педагог-ұйымдастырушы

Г.Тансыкбаева

Желтоқсан

5

25. «Жасөспірімнің құқықтықтың жауапкершілігі»  ЮПТ- ның инспекторымен кездесу

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» апталық 

Жоспар, мәлімет,хаттама

Педагог-ұйымдастырушы

«Адал ұрпақ» клубы

Қаңтар 

26.«Терроризм мен экстремизм туралы не білеміз?» кеңес жүргізу, сынып сағаттарын өткізу

Жоспар 

Мәлімет

Сынып жетекшілер

Жоспарға сәйкес

6

27.«Ауған асуында от кешкендер»

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу


Жоспар, мәлімет,хаттама

ДТІЖО                              Педагог-ұйымдастырушы


Ақпан 


7

28.«Жолда жүру ережелері» (1-11 сыныптар)


Жоспар, мәлімет,хаттама

Сынып жетекшілер

Жоспарға сәйкес

 29. Мектеп жарғысы-мектеп өмірінің заңы.

Оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын таныстыру.

Таныстырылым

Сынып жетекшілер

Тұрақты түрде



30.«Қауіпсіз мектеп» акциясы (1-11сыныптар)

Акция 

ДТІЖО 


09.01.22ж


 31.Құқықтық тәрбие апталығы (жеке жоспар)

Жоспар мәлімет

ДТІЖО 

Сынып жетекшілер

Ақпан 

8


32. 12- сәуір Ғарышкерлер күні (жеке жоспар)

Жоспар, мәлімет,хаттама

ДТІЖО  

 Сынып жетекшілер

Сәуір

9

33. 1-мамыр Ынтымақ күні (жеке жоспар)


Жоспар, мәлімет,хаттама

ДТІЖО

Пед ұйымдастырушы


Мамыр

34. 7- мамыр Отан қорғаушылар күні                               «Ұранды елдің - ұрпағы қайсар» әскери патриоттық ойын


Жоспар, мәлімет,

Т.Мейрманов 

А.Саухан

А.Омар


Мамыр


35.«Батырлар рухына бас иеміз!»мерекелік іс- шара  (жеке жоспар)


Жоспар, мәлімет,

ДТЖО

Пед ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер 

Мамыр

36.«Жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі» жадынама


Жадынама 

Сынып жетекшілер

Мамыр

2.Бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие . «Қоғамға қызмет» жобасы

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген  рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру» құндылықтары негіздерінің, оның ішінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» 

Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

1.«Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасы «Мектепке жол» акциясын өткізу (жеке жоспар)


Мәлімет, жоспар, 

Педагог ұйымдастырушы

Әлеуметтік- педагог 


Қыркүйек


2. Кітап оқуды қолдау және кітаптың мәртебесін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын ұйымдастыру (жеке жоспар)


Мәлімет, жоспар,

ДТІЖО

Кітапханашы

 Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері

Сынып жетекшілер


Қыркүйек

3. «Ұлттың ұлы ұстазы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанынан 150 жыл іс-шара 


Мәлімет, жоспар,


Бастауыш сынып бірлестігі


Қыркүйек

2

 4.«Қарты бар үйдің –қазынасы бар» қарттарға құрмет көрсету   

«Қарттарын қадірлеген ер ардақты» сынып сағаттары

Жоспар                         Мәлімет

«Жас ұлан» ұйымы

Пед ұйымдастырушы

Сынып жетекшілері

Қазан

5. «Ұстаздарды ұлықтайық» мерекелік іс-шара  


Жоспар                         Мәлімет

Құттықтаулар

Пед ұйымдастырушы

Н.Бейсетаева

Қазан

3

6.«Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасын ұйымдастыру     «Жомарт жүрек» акциясы

Мәлімет 

Әлеуметтік- педагог

Қаңтар



7.«Ғасырдың дара перзенті» сыныптан тыс сабақ 

Жоспар ,мәлімет

Ж.Серік

Қаңтар

4

8. «Қайырымды болсаң, қайырлы болар әр ісің»  қайырымдылық акциясын  ұйымдастыру.


Мәлімет 


ДТІЖО

Әлеуметтік-педагог 

Желтоқсан

9.Ақселеу  Сейдімбектің туылғанына 80 жыл іс шара


Жоспар мәлімет

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері

Желтоқсан

10.«Әлихан Бөкейханов Алаштың ардақтысы» Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығы іс-шара

Жоспар мәлімет

Тарих пәнінің мұғалімдері

Қаңтар

5

11.«Бір- бірімізді құрметтейік»  мейірімділік сабағы

 (өзін-өзі тану апталығы)

Мәлімет 

Өзін-өзі тану мұғалімдері

2-12.02.2022ж

6

12. «Жыр алыбы-Жамбыл»Қазақтың халық ақыны Ж.Жабаевтың 175 жылдығы     іс-шара 


Жоспар

Мәлімет,             

ДТІЖО,                                 Педагог-ұйымдастырушы,  


Ақпан

13. «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали» М.Мақатаевтың 90 жылдығы іс-шара 


Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ,

Бастауыш сыныптар бірлестігі

Ақпан

7

14. Алғыс айту күні «Алғысым көп менің!» акция (жеке жоспар) 



Жоспар

Мақтау қағаздары 

Мәлімет 

ДТІЖО,

 Педагог-ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер

Наурыз


15. «Аналар әлемді тербетеді» мерекелік іс- шара

 (жеке жоспар)


Жоспар мәлімет

Пед ұйымдастырушы

«Қызғалдақ » қыздар клубы 

Н.Бейсетаева

Наурыз

8

16.Ең үздік оқырман сынып» акциясы 

Мақтау қағаздары, мәлімет 

С.Макибаева 

Сәуір

9

17.«Ардагерлерге қамқорлық» акциясы 

Мәлімет 

Педагог-ұйымдастырушы


Мамыр

3.Бағыты: Ұлттық тәрбие. «Дәстүр мен ғұрып» жобасы

Мақсаты:жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана-тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау. 

Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі

1

1.Тілдер апталығы аясында іс- шаралар ұйымдастыру (жеке жоспар)


Мәлімет

Гуманитар     бірлестігі және бастауыш сыныптар бірлестігі

Қыркүйек

2

2.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы   аясында «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыру . «Баласағұн, Абай, Шәкәрімдердің  ұлттық тәрбие туралы ойлары»  Кітапханалық сабақ

Мәлімет, мақтау қағаздары 


Кітапханашы

Тарих пәнінің мұғалімдері 

Қазан

5

3.«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы «Тұлғатану»      презентация

Мәлімет 

 Сынып жетекшілер

Қараша


4.«Қазақ халқының дәстүріндегі қыз бен ұл тәрбиесі.»    

8-11 сыныптар арасында дебат өткізу. 

Мәлімет 


Пед-ұйымдастырушы

Г.Оспанбаева

Қаңтар

6

5.«Қыз -өмірдің қызғалдағы» 8-11 сыныптар

(қыздар арасында дөңгелек үстел)

Мәлімет 


«Қызғалдақтар» клубы

Ақпан

7

6. Мерекелік іс- шара «Наурыз- жыл басы» (жеке жоспар) 


Мәлімет

ДТЖО

Пед ұйымдастырушы

Наурыз

4.Бағыты: Мектептегі отбасылық тәрбие «Отбасы-орта мектеп»жобасы

Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық –педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру 

 Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

1. Ата- аналар комитетінің жұмысын ұйымдастыру, жылдық жоспарын құру, (жеке жоспар)   ата-аналар комитетін сайлау 

Мектепішілік ата аналар жиналысын өткізу 

Мәлімет

хаттама 

ДТІЖО

Психолог

Әлеуметтік педагог

Қыркүйек


Тоқсанына                    1 рет

2. Қазақстан Республикасындағы  Отбасы күніне орай «Отбасы-алтын діңгек"  атты іс-шара апталық (жеке жоспар)


Жоспар мәлімет

Пед ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер


Қыркүйек

3. «Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» сыныптар бойынша ата-аналар жиналысы 


Хаттама

Сынып жетекшілер

Қыркүйек

4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамын аудандық  білім бөлімі арқылы бекіттіру 

Бұйрық

Әлеуметтік педагог

Қыркүйек

2

5.«Қыз     тәрбиесі-ұлт болашағы»     дәрігерлермен  кездесу  8-11 сыныптар



Хаттама, мәлімет 


«Қызғалдақтар» клубы


Қазан

4

6. «Отбасы – қоғамның ең басты тірегі» ата-аналарға тренинг өткізу  

Мәлімет 


Сынып жетекшілер

Психолог

Жоспарға сәйкес

5

7.«Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» пікір алмасу. (Ұлдармен жұмыс)   8-11 сынып 

Мәлімет 


ДТІЖО

Т. Мейрманов

А.Саухан

Қаңтар




8.«Бақытты отбасы зорлық зомбылықсыз әлем» сыныптан тыс тәрбие сағаты

Жоспар анықтама

Д.Серік

Ақпан

9.«Екі жұлдыз» отбасылық ән байқауы

Жоспар анықтама

Г.Оспанбаева

Ақпан

6

10.«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ», «Жыныстық тиіспеушілік» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу


Мәлімет 

Хаттама 

Сынып жетекшілер

Тұрақты түрде

7

11.«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері жадынама


Жадынамалар тарату 

ДТІЖО

 Сынып жетекшілер

Мамыр

5.Бағыты: Еңбек, экономикалық-және экологиялық тәрбие . «Еңбек –елдің мұраты» жобасы                                                                                                                                         Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту

         Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі

1

1. Мектептегі кезекшілікті ұйымдастыру


Кезекшілік кестесі, Мәлімет 

ДТІЖО                         Педагог ұйымдастырушы

Қыркүйек

3.Эко сағаттарын жоспарлау, сынып сағаттарына кіріктіру 


Жоспар 

Сынып жетекшілер

Жоспарға сәйкес

4.Кәсіптік бағдар беру іс-шара жоспарын құру 

«Еңбек-елдің мұраты»  жобасы

Жоспар мәлімет

ДТІЖО                             Балабай Т

Уақытында



5.«Біз таза аула үшін» сенбілік ұйымдастыру                 4-10 сыныптар 


Мәлімет 

Мақтау қағаздары 

 ДТІЖО,                         Педагог ұйымдастырушы            Сынып жетекшілер         Еңбек пәнінің мұғалімдері 


Қазан

Наурыз 


6,«Мамандық-менің болашағымның таңдауы»                    9- 11сынып     сынып сағаты

Мәлімет 

Сынып жетекшілер

Қараша


7. «Еңбек нарағында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзіреттердің атласы»     кәсіптік бағдар беру  сағаты              (8-11 сыныптар) 


Жоспар

Мәлімет 

М.Азимбаева

Т.Балабай 


Желтоқсан

8.«Менің болашақ мамандығым» эссе жазу                                 9-11 сыныптар

Мәлімет

Сынып жетекшілер

Қаңтар



9.«Іскерлік қарым-қатынас» сынып сағаттары

Жоспар

Мәлімет

Сынып жетекшілер 


Ақпан



10. «Қалдықтардан жасалған бұйымдар» шығармашылық байқау



Мақтау қағаздары



Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері



Наурыз

11. 7-8 сыныптарда алдын-ала бағыт беру аясында диагностика өткізу 


12.Мамандық әлемін ашамыз! мамандық таңдау кеші

Мониторинг



Жоспар мәлімет

Мектеп психологы 



Н.Бейсетаева

Сәуір



Сәуір


13. Көгалдандыру жұмыстары

Мәлімет 


М.Рахимов

Сәуір



14. «Таза аула» акция

Мақтау қағаздары

ДТІЖО

Педагог-ұйымдастырушы сынып жетекшілер 

Мамыр


6.Бағыты: Зияткерлік тәрбие «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалыс                                                                                                                                                                    Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру. 

Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі

1

1. Мектеп оқушыларының бөгде сайттарға  (Порно, Синий кит т.б өз өмірін қиюға жетелейтін сайттарға, діни ланкестік ұйымдар сайттары) кірмеуін бақылау

Мәлімет 

ДТІЖО,

Педагог ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер

Тұрақты түрде


2.Буллинг. Кибербуллингтің алдын алу? Ұлдар,қыздар жиналысы

Жоспар ,хаттама анықтама

Әлеуметтік педагог

Қараша

5

3. Дина Нұрпейсованың туғанына 160 жыл музыкалық  іс-шара ұйымдастыру 


Мәлімет 

Пед-ұйымдастырушы 

Музыка пәнінің мұғалімі

Қаңтар




4.«Кітап ақылына ақы сұрамайтын қазына»  сыныптан тыс тәрбие сағаты

Жоспар анықтама

Қ.Тұрсынбаева

Қаңтар

8

5.«Білім аралы» зияткерлік ойын       5-7 сыныптар


Жоспар анықтама


С.Оразалиева


Наурыз



6.Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, кітапханаға     «30 кітап сыйла» акциясы 



Мақтау қағаздары


Кітапханашы 

Сынып жетекшілер 


Сәуір

9

7.«Қош бол,құтты Әліппем!» әліппемен қоштасу кеші


8.«Соңғы қоңырау» салтанаты жиын жеке жоспар

Жоспар мәлімет


Мәлімет 

Р.Ажибиева


ДТІЖО, Педагог-ұйымдастырушы

Мамыр



Мамыр

7.Бағыт: Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие 

Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайлыққа эстетикалық обьектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде «Ұшқыр ой алаңы» мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру


Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі

1

1.Оқушылардың мектеп формасын сақтауын қадағалау 


ДТІЖО,                             Сынып жетекшілер


Жыл ағымында


2.Үйірмелер мен спорттық секциялар жұмысын қадағалау



ДТІЖО


Тұрақты түрде


3. «Ұшқыр ой алаңы» мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы» жылдық іс-шара жоспарын әзірлеу

Кесте, мектеп ережесі 

Педагог ұйымдастырушы

Г.Оспанбаева

Қыркүйек

2


4.«Алтын күз» мерекелік іс- шарасы 


Жоспар  анықтама

Педагог ұйымдастырушы

Н.Бейсетаева

Қ.Тұрсынбаева

Г.Оспанбаева

Қазан

3

5. «Ұшқыр ой алаңы» атты дебаттық қозғалысы»

Тақырыбы: «Жасөспірімдердің интернеттегі мінез құлқы және қарым қатынасы» 7-8 сыныптар.

Жоспар  анықтама

Педагог-ұйымдастырушы Сынып жетекшілер

Қараша

4

6. «Жақсылықтың жаршысы жаңа жыл!» (жеке жоспар) 

Жоспар  анықтама

Педагог-ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер

Желтоқсан

8

7.«Ғарыш сырлары»  сынып сағатттары


8.«Қош бол,бастауыш!» бастауышпен қоштасу кеші

Жоспар анықтама


Жоспар анықтама

Сынып    жетекшілер


И.Рахимова

Сәуір


Мамыр



8.Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру 

     Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі

1

1. «Дені саудың-жаны сау»  таңғы жаттығу 



Мәлімет, 


ДТІЖО, сынып жетекшілер, дене тәрбиесінің мұғалімдері

Қыркүйек

2. «Денсаулық фестивалі-2021» (жеке жоспар)



Жоспар

ДТІЖО,                                    сынып жетекшілер,                дене тәрбиесінің мұғалімдері

Қыркүйек 

3.«Қауіпті індеттен сақтану жолдары» стенд жасау   

Стенд жасау

Сынып жетекшілер,медбике

Қазан 

2

4.«Зиянды әдеттерден аулақ болайық» 

бейнефильмдер көрсетілімі  

Бейнероликтер, мәлімет, кездесу  

Сынып жетекшілер, Медбике                                         Өзін-өзі басқару ұйымы 

Қазан

5.  «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жасөспірім қыздарға жыныстық тәрбие беру» дәріс сабақ.                   ФАП дәрігерлермен кездесу

Дәріс 

Медбике Бакирова Ғ

Қараша

3

6.«ЖҚТБ сақтану жолдары» сынып сағаттары                            (7-11 сыныптар)


Мәлімет 

Сынып жетекшілер

Мектеп медбикесі

29.11.2021ж

7.«Нашақорлыққа жол жоқ!» сынып сағаттары 


Жоспар мәлімет

Сынып жетекшілер

Жоспарға сәйкес

4

8.«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» тақырыпта 

плакат және сурет байқауларын ұйымдастыру. 

Мәлімет, мақтау қағаздары  

Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері 

«Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымы

Желтоқсан

5

9.Жұқпалы аурулар бойынша диктанттар жазу 


Мәлімет, диктанттар жинағы

Медбике, қазақ тілі пән мұғалімдері 

Уақытында


10.Қысқы спорттық ойындар

Мәлімет 


Дене шынықтыру мұғалімдері

Қаңтар

6

11.«Зиянды заттар қаупі» ашық алаң


мәлімет 

ДТІЖО, педагог-ұйымдастырушы, 

Ақпан


12.«Салауатты өмір көтеріңкі көңіл» отбасылар спорттық сайыс

Жоспар мәлімет

Дене шынықтыру  пәні мұғалімдері

Ақпан 

7

13.«Денсаулық -ең басты қажеттілік» сыныптан тыс тәрбие сағаты


Жоспар мәлімет

Г.Кожалакова 

Наурыз

14.Жұқпалы аурулардың алды алу бойынша                                   ата-аналарға жадынамалар тарату


Жадынама 


Мектеп мейірбикесі

Уақытында 

8

15.«Олимпиада чемпиондарын білесің бе?»

 презентация, жиын 

16. «Аурудың алдын алу» кеңестер беру жекелей сыныптар бойынша 

Жиын өткізу 

Мәлімет 

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

Сәуір 

Кеңес беру

Ғ.Бакирова

Тұрақты түрде

9

17.«Судағы қауіпсіздік» жадынамалар тарату

Жадынама тарату 

ДТІЖО

Сынып жетекшілер

Мамыр 













                                         Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                                   С.А.Толегенова