25
февраль
2022
"Балалардың құқық бұзушылық жасағаны үшін ата- ананың жауапкершілігі" дөңгелек үстел
21.02.2022 жылы «Балалардың құқық бұзушылық жасағаны үшін ата- ананың жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жауапты мұғалімдер Серик Жанна, Болат Ажар, Қайыпбек Әсем.Аталған шараға ата-аналар қатысты. Дөңгелек үстел барысында жасөспірім дамуына әсер етуші тәрбиенің екі қайнар көзі – саналы түрде әсер ететін жанашыр орта мен қоршаған «күрделі» ортаның ара жігі ашып көрсетіліп, адам үшін адаспайтын жол өмірдің мәнін тауып, жарқын өмірге құлшыну екендігі жастарға түсінікті тілмен түсіндіріліп, нақты деректер берілді.



