11
апрель
2022
"Қауіпсіз интернет" атты ақпараттық науқан
Оқушының санасын улайтын түрлі қауіпті сайттардан қорғау мақсатында 4-11 сәуір аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқаны жүргізілді.
Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, ата-аналар мен мұғалімдердің назарына агрессивті Интернет мазмұнының мәселесіне хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ету, интернет-ресурстарды пайдаланудың мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандарға қатысты Интернет белсенділігін бақылаудағы Интернет қызметін ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Осы мақсатты мектепте іс шара жоспары жасалып,жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Мад,1-2 сынып оқушыларымен «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Мектеп психологы Г.Жакенбаева мен әлеуметтік педагог Л.Ақбар оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік туралы кеңестер берді. 8-сынып «Қауіпсіз деп ойлама,ғаламтормен ойнама», 7 сынып «Ғаламтор-желі жүйрігі», 11 сынып «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны», 3 сынып «Интернет бала үшін қаншалықты қауіпті?» , 5 сынып «Кибер қауіпсіздік» ,6 сынып «Қауіпсіз интернет» ,10 сынып «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыптарында сынып сағаттары мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Науқан барысында 9-сынып жетекшісі Д.Серік «Бала және виртуалды әлем» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу,пәнге қызығушылығын арттыру;
6 сәуір күні «Интернет орнына кітап» біркүндік акциясы өткізілді. Акция шеңберінде сынып жетекшісі мен ата-аналар бірігіп «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» атты оқушыларды кітап оқуға, керекті мағлұматты кітап, журналдардан да табуға болатындығын дәріптеу мақсатында үй жағдайында кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушылар әдеби кітаптар оқыды.«Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы ақпараттық науқаны жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылды. Осы шаралар нәтижесінде балалардың, ата-аналар мен оқушылардың интернет сауаттылығы өсті , тәрбие үрдісі қатысушыларының интернет қауіпсіздігінің параметрлері мен қағидаттары туралы хабардар болды, интернет желісіндегі сұхбаттасушыға қатысты жауапкершілік пен құрметтеу сезімі қалыптасты деп ойлаймыз. Бұл мәселенің қазіргі заманда өзекті мәселеге айналғаны баршамызға аян. Оқушылар интернет тәуелділіктің деген дерттің өз өмірлеріне сөзсіз әсер ететініне көздері жетіп, саналарына пайдалы ой түйді.