«Буллинг» және «Кибербуллинг»
2021-2022 оқу жылында «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік компуналдық мекемесінде «Қызғалдақ» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 16.11.2021 жылы жалпымектепшілік 8-11 сынып қыздары арасында жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты: қыз балалардың мінез-құлықын, жүріс-тұрысы мен әдеттерін жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу.
Әлеуметтік педагог Ақбар Л.Б. «Буллинг» және «Кибербуллинг» туралы ақпарат бере отырып, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік пен кибербуллингтен қалай қорғану жолдары туралы мәлімет таратты. Қыздардың интернеттегі мәдениеттілігі мен қауіпсіздігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, интернет заманында интернеттегі іс-әрекеттерге жауапкершілік танытуы, өзгелерге зиян келтірмеуі мен зиянды видеолар мен суреттерді ашпауы ескертілді.
Қыздар топтық жұмыс қорғап, өз ойларын ортаға салды. 1 топ: «Қызды қырық үйден тыйым» постер, «Қыз балаға не жарасымды» постер, «Қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер» тақырыбында постер қорғады.
