«Әлеуметтік желіде өзін-өзі ұстау мәдениеті» 5-7 сыныптарына кеңес » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әлеуметтік желіде өзін-өзі ұстау мәдениеті» 5-7 сыныптарына кеңес
27
январь
2022

«Әлеуметтік желіде өзін-өзі ұстау мәдениеті» 5-7 сыныптарына кеңес

«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік  коммуналдық мекемесінде 2021-2022 оқу жылы 26.01.2022 жылы 5-7 сынып қыздары арасында қыздар жиналысы болып өтті. Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, жеке бас гигиенасы мен әлеуметтік желіні пайдалану мәдениетіне дағдыландыру. Қыздарды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Мектептің әлеуметтік педагогы Ақбар Л.Б. оқушылардың, соның ішінде қыз балалардың әлеуметтік желіде отыру мәдениеті туралы  «Әлеуметтік желіде өзін-өзі ұстау мәдениеті» тақырыбында ақпарат берді. Ол өз сөзінде оқушыларғы төмендегідей кеңестер берді:

  • Қолдану уақытын белгілеу. 
  • Тіл тазалығын реттеу. Тіл сауаттылығын сақтау.
  • Жиі қолданатын ватсап, инстаграмм, тикток, фейсбуксияқты желілерде өзің туралы толық ақпарат қалдырма;
  • Өзің танымайтын интернет достарыңмен ақпарат бөліспе;
  • Өзге адамдарға, достарыңа әдепсіз сөздер, суреттер  жіберуден сақтан;
  • Сенің ғаламтордағы әрбір іс-әрекетің мемлекет тарапынан бақыланып отыратынын ұмытпа;
  • Пайдасы жоқ ойындар, видео көргенше ата-анаңа, үй шаруасына көмектес;
  • Интернеттегі жұлдыздарға еліктеме, сен ол, ол сен сияқты бола алмайтынын ұмытпа;
  • Интернетте саясат, т.б.   әңгіме қозғама;
  • Интернетте жаман пиғылды адамдар отыратынын ұмытпа;
  • Ұятсыз мәтінде видео мен суреттерді өзің қабылдама  және жіберме.,- сынды кеңестер берілді.

Похожие публикации:

29 декабрь 2021 "Жасыл шырша-2022"
19 ноябрь 2021 Қыздар жиналысы