19
ноябрь
2021
Қыздар жиналысы
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 16.11.2021 жылы жалпымектепшілік 8-11 сынып қыздары арасында жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты: қыз балалардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысы мен әдеттерін жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу. Жиналыс күн тәртібі бойынша өтті, жиналыста мына мәселелер қаралды:
- Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу; Акушер-гинеколог: Жакупова Р.
- Психологиялық тренинг. Мектеп педагог-психологы: Жакенбаева Г.Б.
- Қыздардың жеке бас гигиенасы: Мектеп медбикесі: Бакирова Г.Қ.
- Топтық жұмыс : «Қызды қырық үйден тыйым» постер, «Қыз балаға не жарасымды» постер, «Қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер» постер қорғау
- Кері байланыс, қыздарға арналған жадынама тарату.





