«5-сынып оқушыларының оқудың жаңа талаптарына бейімделуі» атты ата-аналар жиналысы » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «5-сынып оқушыларының оқудың жаңа талаптарына бейімделуі» атты ата-аналар жиналысы
23
ноябрь
2022

«5-сынып оқушыларының оқудың жаңа талаптарына бейімделуі» атты ата-аналар жиналысы

«5-сынып оқушыларының оқудың жаңа талаптарына бейімделуі» атты ата-аналар жиналысы


Мақсаттары:

  1. Оқушылардың бейімделу кезеңінде тәрбиелеу процесінің барлық қатысушыларының ұстанымдарын анықтау.
  2. Оқушылардың дезадаптация себептерін анықтап, пайда болған қиыншылықтарын шешу жолдарын табу.
  3. Бейімделу қиыншылықтарына ата-аналардың көңілін аудару.

Міндеті:

  1. Ата – аналар арасында 5-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен таныстырып, оқытудың жаңа талаптарына бейімделу кезеңінде қандай да бір кездескен қиыншылықтарды жеңуге көмектесу.
  2. Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болатын жолдармен таныстыру.

Қатысушылар:

  5-сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, мектеп психологы.


     Жиналыс барысында 5-сыныптың орта буынға бейімделуі жайлы толық мәлімет беріліп, 5-сыныпқа өткен баланың бойынан қандай өзгерістер болатыны, қандай қиындықтарға тап болатыны, және сол қиындықтарды жеңіл еңсеру үшін ата-аналар тарапынан қандай көмек, қолдау керектігі жайында кеңестер мен ұсыныстар айтылды. 

  Сонымен қатармектеп  пен ата-ана байланысын, отбасындағы  тәрбиенің   рөлін  арттыру, ата – ана мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту мақсатында тренинг жаттығулары жүргізілді.

Қажетті құрал жабдықтар: интерактивті тақты, үлестірмелі  қағаздар, А4 формат, қалам, фломастер,  гүлдер, доп және т.б

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап,  тест,   психологиялық жаттығулар.
 Тренинг  бағдарламасы.

1. "Сәлем  сөздің   анасы"  амандасу.
 2. Тақырыпты ашу.
 3. «Доп  лақтыру»  жаттығуы
 4. «Гүл  теру»  жаттығуы. Пікірлесу
 5. Аяқталмаған  сөйлем «Менің балам ...»
 6. «Күлкі- көңіл ажары» жаттығуы.

9. Қорытынды. «Бестік» кері байланысы.

 Ата –аналар тренинг барысында өте белсене ат салысып, қызықтырған сұрақтарын талдап, керекті мағлұматтар алып, ұсыныс, тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді. 


Педагог-психолог:      Жакенбаева Гульнара Бауыржановна