11
апрель
2022
Тренинг сабақ
9-11 сынып оқушылары арасында өзін-өзі жетілдіру және реттеу тренингтері ұйымдастырылды.
Өзін-өзі реттеу тренингтері жоғары сынып оқушыларының мектеп бітіруімен, өздерінің болашақ мамандықтарын таңдау, ҰБТ-дан өту, т.с.с үлкендік проблемеларын шешу қажеттілігімен байланысты. Тренингті жүргізуге негіз ретінде келесі алгоритм ұсынылды:
- Өмірлік ұстаным болатын жолын табу және оның мән мағынасын толық анықтап алу;
- Алдында тұрған проблемаларды талдау және түсіну;
- Өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру (релаксация, психологиялық қорғаныс, стресске қарсы тұра алу);
- Рефлексия-қатысушылардың өздерінің жаңадан меңгерген психологиялық білімі мен іскерлігін ортаға салуы, басқалармен бөлісуі;
- Қарым-қатынас барысында этикалық нормаларды ұстануы.



