"Құқықтық сана - қауымға пана" дөңгелек үстел » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Құқықтық сана - қауымға пана" дөңгелек үстел
10
январь
2023

"Құқықтық сана - қауымға пана" дөңгелек үстел

            10.01.2023 ж күні  9-сынып жетекшісі: Турсынбаева Қ, 10-сынып жетекшісі: Серік Д ұйымдастыруымен мектепішілік апталықтың жоспарына сәйкес  «Құқықтық сана – қауымға пана» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


 Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Буллингжәне кибербуллингтің алдын алу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
 
           Дөңгелек үстел барысында 10-сынып жетекшісі Данна Серікқызы құқық, құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллинг туралы мәлімет берді және оқушылардың пікірлері тыңдалды. «Буллинг» және «Кибербуллинг» сөзіне оқушылар постер жасап, өз ойларын айқын жет кізе білді.




9-сынып жетекшісі Қымбат Модахуновна «Тығырықтан шығар жол қайсы?»  яғни оқушыларға тақырыпқа байланысты ситуациялық жағдайлар беріліп , оқушылар дұрыс  ситуациялық жағдайдан шықты. 

«Мұны әрбір оқушы білуге тиіс» әдісімен оқушыларға құқыққа байланысты сұрақтар қойылып, оқушылар белсене жауап берді.

           «Ойды аяқта» әдісінде мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мағынасына түсінік беріліп, оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді.


          Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр.