"Бақытыңды балаңнан ізде" дөңгелек үстел
«Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Осы мақсатта 10 ҚГБ сынып жетекшісі Серік Данна, 2-сынып жетекшісі Ажибиева Рима, 8-сынып жетекшісі Оспанбаева Гүлзаттың ұйымдастыруымен 05.12.2022 ж күні «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты : Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру.
2-сынып жетекшісі Ажибиева Рима Тоқбазарқызы «Біз баламызды танимыз ба?» тақырыбында тренинг жүргізді. Ата-аналар дөңгелене тұрып, мұғалім қойған сұрақтарға жауап бере отырып, балаларын қаншалықты білетіндіктері анықталды.

10 ҚГБ – сынып жетекшісі Серік Данна Серікқызы ата-аналармен «Пікір алмасу сұрақтары» бойынша сұрақтар қойылып, ата-аналардың пікірлері тыңдалды. Айтылған пікірлер бойынша ата-аналарға «7-қателік» туралы кеңестер айтылды.

8-сынып жетекшісі Оспанбаева Гүлзат Айдарқызы «Біздің балалар» тақырыбында бейне үзінді көрсетіп, ата-аналардың пікірлері талқыланды.
«Отбасылық құндылық ағашы» тақырыбында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды. Ол жерде ата-аналар берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастырып, өз ойларың еркін жеткізе білді.

«Жазалау» ойыны ойнатылды. Дөңгелек соңында «Бес саусақ» әдісі арқылы рефлексия алынды.
