"Мамандық - менің болашағымның таңдауы" дөңгелек үстел » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мамандық - менің болашағымның таңдауы" дөңгелек үстел
24
ноябрь
2022

"Мамандық - менің болашағымның таңдауы" дөңгелек үстел

24.11.2022 жылы күні 9-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Мамандық – менің болашағымның таңдауы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
             Дөңгелек үстел барсында оқушыларға ой қозғау мақсатында «Мамандық дегеніміз не?» сұрағы қойылып, оқушылардың ой пікірі тыңдалды. Оқушылармен пікір алмасу барысында «Кім қандай мамандық иесі болғысы келеді?» сұрағы және
 - Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
 - жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
 - Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
 - Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
 - Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
 - Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?» т.б сұрақтар қойылып, жауап алынды.Оқушыларға әлемдегі түрлі мамандықтар туралы слайд көрсетіліп, әр мамандықтың қыр – сыры таныстырылды.
               Қорыта келе «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» екендігі оқушыларға жете түсіндірілді.