Ұлылықтың басында ұстаз тұрар » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2021

Ұлылықтың басында ұстаз тұрар

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Осы мақсатта 04.10.2021 ж күні 9-сынып жетекшісі Серік Данна Серікқызының ұйымдастыруымен «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы айту.Ұстазбен өзара сыйластық қарым – қатынастарын қалыптастыру.Ұстаздың еңбегін құрметтеуге дағдыландыру. Сынып сағаты барысында «Сұрақты ұстап ал» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Ой қозғау» әдістері арқылы оқушылар өз ойларын жеткізді. Жағдаяттық тапсырмаларды талдады.  «Сиқырлы қалпақ» ойыны арқылы «Егер мен мұғалім болсам....» деп бастап, өз қиялдарын, армандарын айтты.