Жасөпірімдер арасындағы жыныстық қолсұғушылғының алдын-алу» тақырыбында өтілген ата-аналар жиналысы » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөпірімдер арасындағы жыныстық қолсұғушылғының алдын-алу» тақырыбында өтілген ата-аналар жиналысы
13
май
2022

Жасөпірімдер арасындағы жыныстық қолсұғушылғының алдын-алу» тақырыбында өтілген ата-аналар жиналысы

«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2021-2022 оқу жылында 13 мамыр күні әлеуметтік педагог Ақбар Л.Б. «Жасөпірімдер  арасындағы жыныстық қолсұғушылығының алдын-алу» тақырыбында ата-аналар жиналысын өтті. Мақсаты: балаларға ересектер тарапынан жасалатын жыныстық зорлық зомбылық туралы ақпарат бере, отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жеке адамның жыныстық тиіспеушілігі жеке адамның конституциялық-құқықтық мәртебесінің құрамдас бөлігі болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді, қорғалады және кепілдік беріледі.

Кәмелетке толған адамдар (ерлер де, әйелдер де) тарапынан он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер жыныстық қолсұғушылық болып табылады.

Жиналыс барысында ата-аналарға кеңестер берілді: 

1. балаға көшеде немесе үйде жалғыз қалғанда мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз;

2. егер балада жақын тұрған адамға қатысты күмән пайда болса, бұл адамнан аулақ кету және бұл адамды алға өткізу керек;

3. өзінің сырларын бөлісе алатындай бала үшін дос болу;

4. таныстар, туыстар тарапынан оған қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы әңгімені байыпты қабылдау;

5. балалардың достарымен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас орнату;

6. баланы жалғыз көшеге жібермеу (бала достарымен бірге жүргенде, қылмыс жасау мүмкіндігі төмендейді);

7. ата-ана баланың теледидарда қандай бағдарламаларды, сексуалдық және зорлық-зомбылық көріністерін көруді, Интернет арқылы педофилмен тілдесу мүмкіндігін болдырмау үшін Интернетте қандай сайттарға кіретіндігін білуі керек («Қазақтелеком» АҚ «Ата-ана бақылауы» қызметін қосу мүмкіндіктері);

8. баланың интернетте өткізетін уақытын бақылау керек, сіздің балаңыз желіде кіммен байланысатыны туралы хабардар болу кереСіздің балаңызға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектепте тәрбиешімен, мұғалімдермен, психологпен байланыс орнатыңыз.