07
февраль
2022
Тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау сауалнамасы
«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2021-2022 оқу жылында тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау мақсатында алынған сауалнама туралы
Анықтама
Әлеуметтік педагог Ақбар Ләззат Берікқызы тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында жасырын сауалнама алды. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың 100 % ата-аналарымен қарым-қатынасы «өте жақсы» екені анықталды. Үйде балаларға зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, қуып шығу жағдайлары 100 % кездеспейтінін көруге болады. Отбасында балаларға қарсы намысқа тию мен жыныстық қол сұғушылық жағдайлары кездеспейтіні анықталды.
