Бала еңбегінің қаналуы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бала еңбегінің қаналуы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы
05
сентябрь
2022

Бала еңбегінің қаналуы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы


Қазақстан Республикасы Конституциясы және Бала құқықтары туралы Конвенцияның  ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысына сәйкес балалардың еңбегін қанау мен зорлық- зомбылыққа жол берілмейді. Осы мақсатта Қарағаш орта мектебінде бірқатар іс-шаралар атқарылды. Балалардың еңбегін пайдалану мен оларды қиын жұмысқа тарту фактілерін анықтау мақсатынды ауыл дүкендері мен түні бойы жұмыс жасайтын мейрамханалар мен жеке шаруақожалықтарына рейд жүргізілді. 

Тексеріс барысында балалардың еңбегін пайдалану және қанау фактілері анықталған жоқ, дүкен мен мейрамхана, шаруақожалық иелерін кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жұмысқа тартылмағанын айтты.

Отбасындағы зорлық-зомбылық түрлері әртүрлі болуы мүмкін. Бұларға экономикалық, физикалық, психологиялық, жыныстық бағдарлардың әсері кіреді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау мен алдын-алу шаралары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта, 4-11 сынып оқушылар арасынан жасырын сауалнама алынды. Сауалнамада тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау мақсатында сұрақтар қойылды. Нәтижесінде оқушылардың тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталмады. Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысында да тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ата-аналарға мағұлматтар берілді.