"Бақытты отбасы зорлық-зомбылықсыз әлем!" пікір алмасу
22.02.2022 ж күні 9-сынып жетекшісі Серік Данна Серікқызының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы зорлық-зомбылықсыз әлем! тақырыбында пікір алмасу мақсатында іс-шара өтті. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысындағы негізгі мақсат ешбір адамға: бала болсын , әйел адам болсын , зорлық-зомбылық жасалмайтын ел «Бейбітшіл ел - Қазақстан» атты елдің моделін құрып шығару.
Іс – шараға 1,2- топ оқушылар және 3-топ ата-аналар тобы болып қатысты.




