Ғасырдың қасіретті дерті - ЖҚТБ
29.11.21. күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Толегенова мен мектеп медбикесі Ғ.Қ.Бакированың ұйымдастыруымен «Ғасырдың қасіретті дерті - ЖҚТБ » тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру.
Шара барысында оқушыларға «СПИД ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында бейнебаян көрсетіліп,оқушылар бейнебаян бойынша түсінгендерін, І топ «ЖҚТБ ның жұғу жолдары» , ІІ топ «ЖҚТБ қалай берілмейді?» , ІІІ топ «ЖҚТБ-дан сақтану жолдары» тақырыптарында топ жұмыстарын қорғады.



