Балалардың электр жарақаттары және олардың алдын алу » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Балалардың электр жарақаттары және олардың алдын алу
15
сентябрь
2021

Балалардың электр жарақаттары және олардың алдын алу

 Жыл сайын елімізде жас өспірімдердің электр тоғынан зардап шегулеріне байланысты қайғылы оқиғалар орын алуда. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында іс- шаралар жоспары жасалып, 13.09.21ж.1-11 сынып оқушыларымен «Балалардың электр жарақаттары және олардың алдын алу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Балалардың жарақаттануы- бұл ата-ананың да, баланың да өмірін түбірімен өзгерте алатын үлкен проблема екенін ескере отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 

    Оқушыларға электр қуатынан сақтану ережелері ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.                                                                                                                

Жүргізілген түсіндірме жұмыстарының  нәтижесінде оқушылар: электр жарақаттары өзінің салдары бойынша аса қауіпті болып табылатынын және басқа жарақаттарға қарағанда өлімге және ауыр жағдайларға әкеп соқтыратынын, электр қуаты бізге жақсы дос және көмекші бола тұра, оған ұқыпсыз қарым-қатынас жасаған кезде жауға айналуы және ақталмайтын қайғылы оқиғаның себебі болуы мүмкін екенін ұғынды.