"Тәуелсіз елдің жастары" КТА
21 желтоқсан күні оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік педагог Ақбар Л.Б. ұйымдастырылуымен «Жастар елдің тірегі» атты көңілді тапқырлар алаңы ойыны өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылар бойында патриоттық сезімді дамыту және ұжымдық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. Іс-шараға 8-11 сынып оқушылары команда болып қатысты. Жарыс нәтижесі бойыншы бас жүлдені 11 сынып «Түлектер» командасы алды. 1 орынды 10 сынып «Жездуха» командасы, 2 орынды 9 сынып «Пирамида» командасы және 8 сынып «Триллин» командасы бөліп алды. Командалар арасында белсенді оқушылар анықталып, марапатталды. «Ең үздік КТА ойыншысы» 11 сынып оқушысы Әбдіхан Нұрсұлтан болып, мақтау қағазымен марапатталды. Ерекше белсенділік танытқан 8 сынып оқушысы Нақысбек Ерсін, 9 сынып оқушысы Мұратқалиқызы Әсем, 10 сынып оқушысы Нақысбек Досжан, 11 сынып оқушысы Кемелғазы Азамат марапатталды.


