"Бақытты ана - бақытты бала - бақытты отбасы" дөңгелек үстел » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Бақытты ана - бақытты бала - бақытты отбасы" дөңгелек үстел
15
ноябрь
2023

"Бақытты ана - бақытты бала - бақытты отбасы" дөңгелек үстел

Бала - адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе» деп отырса да бала ынжық, жасқаншақ болады. Бірақ, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп, тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десек те... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық онкүндігі аясында 15 қараша күні «Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы» тақырыбында әлеуметтік педагог Серік Данна, 7-сынып жетекшісі Рамазанова А, 5-сынып жетекшісі Болат А  жетекшілігімен ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді.
 Мақсаты: Ата-аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу, өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. 

         Ата-аналардың қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелде ата- аналарға  бала тәрбиесі  ата - ана үшін  күрделі және жауапты міндет, отбасындағы  бақыт   деген сөздің мағынасының  қандай екендігі түсіндірілді. Отбасындағы тәрбие, балалармен аналардың арасындағы қарым-қатынас туралы пікірлерімен бөлісіп, ой қозғалды. Бала ата-анасына, ортасына қарап өсетіндігін алға тартып, алдымен әркім өзін тәрбиелеу қажеттігі айтылды. Қазіргі қоғамда көп балалы аналарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде деген аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, талқыланды.