13
май
2022
"Мықты отбасы - мемлекеттің әл-ауқатының негізі" кездесу кеші
Қарағаш орта мектебінде 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай «Мықты отбасы – мемлекеттің әл – ауқатының негізі» атты кездесу кеші өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар 6 - сынып жетекшісі: Оразалиева Г, 7 – сынып жетекшісі: Оспанбаева Г, 8 – сынып жетекшісі: Турсынбаева Қ. Кештің мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.





