Тәрбие жұмысының жылдық жоспары » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
август
2021

Тәрбие жұмысының жылдық жоспары

                                                                                                            Қазақстан Республикасының                                                                                                              Білім және ғылым министрі

2021 жылғы 16 қыркүйектегі

                                                                                                                                                                                                                                                                                № 472 бұйрығына

                                                                                                                                                        1-қосымша


«Қарағаш орта мектебі»  мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 

2022-2023  оқу жылына арналған тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері



ТАҚЫРЫБЫ:

Ұлттық рухы биік адамгершілігі жоғары салауатты өмір салтын ұстанатын елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті,  жаңашыл тұлға қалыптастыру 



Мақсаты:   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары балалар мен жастарды тәрбиелеу . XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан – жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу 


  • Тәрбие берудің мақсаты білім алушылардың қоршаған ортада шынайлылықты түсінуге, өзінің даралығын сезінуге, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге бағытталған тәрбиелік шараларды ұйымдастыру.


  • Кәсіби шығармашылық танымын кеңейту, мамандықты дұрыс таңдауда бағыт-бағдар беру және адам белгілі бір

  іс-әрекет саласына еніп, бір ізге түсуіне көмек беру.

                      

  • Бала тәрбиесінде жаңа заман талабына сай ата-аналардың өзіндік идеяларын іске  асыруға мүмкіндіктер туғызу.

ТҮСІНІК ХАТ

«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің  2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары ҚР білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі  № 145   бұйрығымен бекітілген  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру аясындағы тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа  ала отырып құрылды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі  білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы талаптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның ең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі.

      ТӘРБИЕ  ЖҰМЫСЫНЫҢ   БАСЫМ  БАҒЫТТАРЫ:                  

І.    Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие және құқықтық тәрбие

ІІ.   Рухани- адамгершілік  тәрбие

ІІІ.  Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру

ІҮ.   Мектептегі отбасылық тәрбие

Ү.    Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

        ҮІ.   Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

ҮІІ.   Зияткерлік тәрбие   құндылығы

ҮІІІ.  Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру


2022-2023 оқу жылының жоспарын жасау барысында  2022-2023 оқу жылына арналған «Әдістемелік нұсқау  хатында» көрсетілген атаулы даталарды, ұсынылған  жобаларды  басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығымен әзірленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде  жасалып  жұмыс жоспарына енгізілді. 

Негізгі басым бағыттарға қоса оқушы өмірінің қауіпсіздігі, балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу, балалар мен жасөспірімдер бойында жағымды өмірлік ұстаным қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу, оқушылардың өзін-өзі басқару органы мен жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың жазғы еңбек практикасын және сауықтыру демалысын ұйымдастыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілерімен әдістемелік жұмыс, тәрбие жұмысын бақылау, тәрбие жұмысы жүйесінің мониторингілеу жұмыстары жоспарланды.

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта жүзеге асады.


Тәрбие саласына қатысты қазақстандық және халықаралық мерекелер мен атаулы күндер:


  • 10 тамыз  - ҚР  Үкіметінің қаулысымен Абай күні;
  • 30 тамыз  - ҚР   Конституциясы  күні;
  • 1 қыркүйек -  Білім күні;
  • 10 қыркүйек - Отбасы күні;
  • 15 қыркүйек - Денсаулық фестивалі. (1 аптасы.)
  • 15.09-19.09.  Діни экстремизмнің алдын алу күні
  • 22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері мерекесі күні;
  • 1 қазан - Қарттар күні;
  • 1 қазан - Ұстаздар күні;
  • 30 қазан  - Алкогольмен күрес күні;
  • 28.10. - Еңбек күні.
  • 15.10-15.11. Құқықтық тәрбие айлығы.
  • 16.11-20.11. Мәңгілік Ел. ҚР Ассамблеясына 21 жыл
  • 15 қараша -  Ұлттық валюта күні;
  • 02.11.-07.11. Зорлық-зомбылықтың алдын алу.
  • 03.11- 03.12. Дүниежүзілік адам имундық  тапшылық синдромымен күрес күні. ЖҚТБ-АИТВ алдын алу.
  • 18.11. Рухани келісім күні.
  • 20 қараша – Балалар  құқығытуралы Конвенция күні;
  • 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні;
  • 10 желтоқсан - Адам құқығы күні;
  • 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні;
  • 26.12 - 30.12. – Жаңа жыл.
  • 10.01-10.02.  «Абайлаңдар, балалар!» айлығы
  • 10.01.-20.01. Қылмыстың алдын алу күні.
  • 18 қаңтар – Тұмаудың алдын алу күні;
  • 10.02-10.03. -  «Өмірге Иә деп айт!» Республикалық ақпараттық науқан
  • 15 ақпан – Салауатты өмір салты күні;
  • 15 ақпан - Кеңес әскерінен Ауғанстаннан шығарылған күні.
  • 23.02.-24.03. Туберкулездің алдын алу айлығы.
  • 01.наурыз - Алғыс айту күні.
  • 1 наурыз –  Азаматтық қорғаныс күні;
  • 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
  • 22 Наурыз – Наурыз  мерекесі;
  • 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні;
  • 7 сәуір -  Дүниежүзілік денсаулық күні;
  • 10 сәуір - Ескерткіштерді қорғау күні.
  • 10 сәуір - 21 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты Республикалық ақпараттық науқан
  • 12 сәуір – Ғылым және Космонавтика күні;
  • 10 сәуір мен 10 мамыр аралығы Патриоттық тәрбие айлығы. (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.)
  • 1 мамыр - халықтар достығы және ынтымақтастығы күні;
  • 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр - Жеңіс күні;
  • 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні;
  • 31 мамыр – Саяси қуғын сүргінқұрбандарын еске алу күні.
  • 1 маусым  - Балаларды қорғау күні;  4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күні;




2022-2023 оқу жылында құндылықтарға негізделген 

оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар ұсынылады:

  •  «Оқуға құштар мектеп»; 
  • «Отбасы – орта мектеп»;
  •  «Құқықтық сана – қауымға пана»;
  • «Дәстүр мен ғұрып»;
  • «Еңбек – елдің мұраты»;
  • «Үнем – қоғам қуаты»;
  • «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет» 
  • «Психологиялық көмек көрсету және мектептің татуластыру қызметтерін ұйымдастыру» 
  • «Қоғамға қызмет»;
  • «Мектеп өмірінің бір күні»;
  • «Дебат» қозғалысы; 
  • Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымдары; 
  • «Өзін-өзі басқару күні», «Өзін-өзі басқару аптасы» жобалары; 
  • «Музей сабақтары» – «Музей күні» жобасы;
  • «Театр сабақтары» жобасы. 

Оқу жылының әрбір аптасында өткізілетін 34 сынып сағатының тақырыптары ұсынылады 



2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНТІЗБЕЛІК КҮНДЕР:


  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл;
  • Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;
  • Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;
  • Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы 

Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;

  • Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;
  • Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл; 
  • Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
  • Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;
  • Көрнекті этнограф, жазушы, әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл. 


ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ БАСШЫЛЫҚҚА АЛЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР


Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесі құжаттар: 

  • «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы    https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;
  • 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext;
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
  • «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
  • «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
  • «Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt
  •  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/ 
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/



Негізгі жұмыс бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі


Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету


1) 

«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы 

https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;


Керекті мәліметтер оқу

Мектеп әкімшілігі

Үнемі 


2)

Қазақстан Республикасының Конституциясы 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;


Керекті мәліметтер оқу

Құқық пәнінің мұғалімдері

Үнемі 


3)

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Үнемі 


4)

2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext;


Керекті мәліметтер оқу

Әлеуметтік педагог


Үнемі 


5)

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;

Керекті мәліметтер оқу

Мектеп әкімшілігі

Үнемі 



 «Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 



6)

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dtзаңы бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсету

Керекті мәліметтер оқу

Әлеуметтік педагог

Психолог

Үнемі 


7)

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әлеуметтік педагог

Психолог

Үнемі 


8)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Үнемі 


9)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/ 


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер

Үнемі


10

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/.


Керекті мәліметтер оқу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Үнемі









ІІ.Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету


Негізгі жұмыс бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі


1

«2022-2023 оқу жылының мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлауға қойылатын негізгі талаптар»,                  Сынып жетекшілерді анықтау 

Сынып жетекшілер ӘБ жұмысын ұйымдастыру

Жоспар, бұйрық, хаттама 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тамыз 


2

Оқушылардың әлеуметтік жағдайы паспортын дайындау

Паспортын әзірлеу 

Әлеуметтік педагог 

Тамыз-қыркүйек 


3

Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамту.

«Мектепке жол» акциясы. Оқушыларды мектепке дайындау.

Құжаттар дайындау 

ДТІЖО                      Әлеуметтік педагог                                          Педагог ұйымдастырушы

Жыл бойы 




ІІІ.Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар


1.Бағыты: Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиелеу, құқықтық тәрбие                                                                                            Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.                                                                 « Құқықтық сана- қауымға пана»     жобасы


Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі


1

1.Әр дүйсенбіде сабақты Гимнмен бастауды дәстүрге айналдыру


 Гимн айту


ДТІЖО С.Толегенова

АӘД Т. Мейрманов

Сынып жетекшілер

Әр дүйсенбі


2.« Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында  салтанатты жиын іс- шара,                                                     бірыңғай сынып сағаттарын өту


Жоспар 

 анықтама

ДТІЖО С.Толегенова


Сынып жетекшілер



01.09.2022ж


3.«Ата Заңым- ардақтым» кітаптар көрмесі


Көрме,мәлімет

Кітапханашы С. Макибаева


01-05.09.2022


4.«Оқушылардың ұялы телефонды қолдану ережесі» түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Түсіндірме жұмысы

Сынып жетекшілер



Үнемі


5.ЖЖЕ бойынша, өмір қауіпсіздігі, үй жағдайындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру, алдын-алу шаралары

Жоспар

Сынып жетекшілер



Сынып сағаттарында


6.«Жас ұлан», «Жас қыран, «Жас полиция көмекшілері» «Жас сарбаз»   әскери -патриоттық клубтары мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру , жоспар жасап бекітуге ұсыну(жеке жоспар)


Жоспар

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева

АӘД  Т.Мейрманов

Балабай Т

01.-10.09.2022


8.«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын ұйымдастыру,жоспар жасау,бекітуге ұсыну(жеке жоспар)


Жоспар

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева

01.-05.09.2022


9.«ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» оқушылардың мәдени-білім беру жалпы ұлттық дебаттық қозғалысы» жобасын ұйымдастыру,жоспар жасау бекітуге ұсыну(жеке жоспар)

Жоспар

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева

Қ.Тұрсынбаева

01.-05.09.2022


10. Оқушылардың психологиялық денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында: зорлық-зомбылықтың алдын алу, суицидтің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру,бірлескен жұмыс жоспарын жасау,бекітуге ұсыну (жеке жоспар)


Жоспар

Мәлімет

ДТІЖО С.Толегенова

Психолог Г.Жакенбаева

Әлеуметтік педагог Л.Ақбар

Медбике Бакирова Ғ



01.-05.09.2022


11.«Тәуекел» тобындағы балаларды анықтау,жұмыс жоспарын құру


Жоспар

Әлеуметтік     педагог Л.Ақбар


Қыркүйек


12. «Әдепті адам-әдемі адам» оқушылар арасында бейәлеуметтік құбылыстардың нашақорлық, темекі шегу және алкоголизмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру 



Жоспар

Мәлімет

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева

Сынып  жетекшілер




Уақытында




13.«Түнгі ауылдағы балалар», «Жасөспірім» рейд жұмыстарын ұйымдастыру


Мәлімет

Мектеп  әкімшілігі

Сынып жетекшілер

Ата-аналар комитеті

Үнемі




14.Құқықтық кеңес отырысы (жеке жоспар)


Жоспар, хаттама


 ДТІЖО


Тоқсанына                 1 рет


15.«Ұлттық валюта-теңге күні»  сынып сағаттары

Жоспар, мәлімет

Сынып  жетекшілер

14 қараша



16.Республика күніне іс –шара  (жеке жоспар)


Жоспар ақпарат

ДТІЖО

Сынып жетекшілер

17-21.10.2022 



17.Қазақстан - Республикам  менің!     Сыныптан тыс ашық шара

Жоспар ақпарат

Оразалиева Г

20 қазан


 18. «20 қараша Балалар құқығы туралы Конвенция күні» сынып сағаттары

Жоспар, мәлімет

Сынып  жетекшілер

21 қараша


19.«ҚР Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау жұмыстары»       (жеке жоспар)

20. «Мемлекеттік Рәміздер –ел мәртебесі» сыныптан тыс ашық шара

Жоспар

Мәлімет

ДТІЖО

Сынып жетекшілер

Тұрсынбаева Қ

19 қазан



21.«Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына,                                  «Адал ұрпақ» клубына оқушыларды қабылдау 

Жоспар, мәлімет,хаттама

Педагог-ұйымдастырушы

М.Азимбаева

Қыркүйек

Желтоқсан 


22.«Тәуелсіздіккке тарту» мерекелік іс- шара                     

(жеке жоспар)

Жоспар 

Мәлімет

ДТІЖО

Пед ұйымдастырушы

Желтоқсан



23.«Ел бақытын тербеткен тәуелсіздік»! сыныптан тыс ашық шара



Оспанбаева Г


14 желтоқсан



24.«Жасөспірімнің құқықтық жауапкершілігі»                ЮПТ- ның инспекторымен кездесу

Жоспар, мәлімет,хаттама

Толегенова С

Азимбаева М

Ақбар Л

Қараша

Қаңтар 


25.«Терроризм мен діни экстримизмнің алдын алу»  жеке жоспар

Жоспар 

Мәлімет

ДТІЖО Толегенова

Сынып жетекшілер

Жоспарға сәйкес



26.«Ардагерлер- асыл ерлер»

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу


Жоспар, ақпарат

Педагог-ұйымдастырушы

Өзін-өзі басқару ұйымы

Ақпан 




27. «Жолда жүру ережелері» (1-11 сыныптар)


Жоспар, мәлімет,хаттама

Сынып жетекшілер

Жоспарға сәйкес


 28. Мектеп ережесі-мектеп өмірінің заңы.

Оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын таныстыру.

Таныстырылым

Сынып жетекшілер

Тұрақты түрде




29.«Қауіпсіз мектеп» акциясы (1-11сыныптар)

Акция 

ДТІЖО 


09.01.-13.01.23ж



 30.Құқықтық тәрбие апталығы (жеке жоспар)

Құқықтық тәрбиенің негізі- отбасынан басталады

Жоспар мәлімет

ДТІЖО 

Оспанбаева Г

Ақпан

10 ақпан 




31.12- сәуір Ғарышкерлер күні (жеке жоспар)

Жоспар, мәлімет,хаттама

ДТІЖО  

 Сынып жетекшілер

Сәуір



 32. 1-мамыр Ынтымақ күні (жеке жоспар)


Жоспар, мәлімет,хаттама

ДТІЖО

Пед ұйымдастырушы

Өзін-өзі басқару ұйымы


Мамыр


33.7- мамыр Отан қорғаушылар күні                               «Ер-елінің қорғаны» әскери патриоттық ойын


Жоспар, мәлімет,

Т. Мейрманов 

А.Саухан

А.Омар


Мамыр



34.«Батырлар рухына бас иеміз!»мерекелік іс- шара  (жеке жоспар)


Жоспар, мәлімет,

ДТЖО

Пед ұйымдастырушы

Тұрсынбаева Қ

Мамыр


35.«Жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі» жадынама


Жадынама 

Сынып жетекшілер

Мамыр


2.Бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие . «Қоғамға қызмет» жобасы

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген  рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру» құндылықтары негіздерінің, оның ішінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» 


Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі



1.«Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасы «Мектепке жол» акциясын өткізу (жеке жоспар)


Мәлімет, жоспар, 

Әлеуметтік- педагог 


Қыркүйек


 2.Кітап оқуды қолдау және кітаптың мәртебесін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын ұйымдастыру (жеке жоспар)


Мәлімет, жоспар,

ДТІЖО

Кітапханашы

 Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері

Сынып жетекшілер


Қыркүйек




 3.ҚР тілдер күнін,А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына іс-шара  ұйымдастыру                              «Тілге құрмет-елге құрмет» апталық 


Жоспар 

Мәлімет

Әлеуметтік желігежариялау

Ж.Серік

Р.Ажибиева

05.-09.2022



 4.«Қарты бар үйдің –қазынасы бар» қарттарға құрмет көрсету   

Жоспар                         Мәлімет

«Жас ұлан» ұйымы

Пед ұйымдастырушы

Қазан


5.«Қарттарын қадірлеген ер ардақты» сынып сағаттары



Сынып жетекшілері

4қазан


6.«Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік» мерекелік іс-шара


Жоспар                         Мәлімет

Құттықтаулар

Пед ұйымдастырушы

Қайыпбек Ә

Өзін-өзі басқару ұйымы

Қазан


7. Адамгершілік-асыл қасиет сыныптан тыс ашық шара

Жоспар ақпарат

Кожалакова Г

21 қараша



Қарттар үйі қажет пе? дебат

Жоспар анықтама

Дебат клубы

қазан



8.«Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасын ұйымдастыру     «Жомарт жүрек» акциясы

Мәлімет 

Әлеуметтік- педагог

Қазан



9.«Дара тұлға, дана тұлға Қонаев» сыныптан тыс сабақ 

Жоспар ,мәлімет

Жылқайдарова А

Қаңтар



10.«Мейірбандылық жүректен»  қайырымдылық акциясын  ұйымдастыру.


Мәлімет 


Әлеуметтік-педагог 

Сынып жетекшілер

Желтоқсан


11. М.Әуезовтің  туылғанына 125 жыл іс шара 


Жоспар мәлімет

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері

Желтоқсан


 12. Сұлтан Бейбарыстың 800жылдығына іс шара 

Жоспар мәлімет

Суюмбаева Ф

Тұрсынбаева Қ

Қаңтар



13. Роза Бағланованың 100 жылдығына  іс-шара 


Жоспар

Мәлімет,             

Педагог-ұйымдастырушы,

Рахимов М


Ақпан


14. «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали» Мақатаев оқулары

Жоспар мәлімет

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ,

Бастауыш сыныптар бірлестігі

Ақпан



15.«Дәстүрлер мен ғұрыптар» дебат

Жоспар ақпарат

Дебат клубы

Наурыз 



 16.Алғыс айту күні «Алғыс айту парызым!» акция (жеке жоспар) 



Жоспар

Мақтау қағаздары 

Мәлімет 

ДТІЖО,

 Педагог-ұйымдастырушы

Өзін –өзі басқару ұйымы

Наурыз



18.«Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады» мерекелік                     іс- шара

 (жеке жоспар)


Жоспар мәлімет

Пед ұйымдастырушы

«Қызғалдақ » қыздар клубы 

Болат А

Наурыз


3.Бағыты: Ұлттық тәрбие. «Дәстүр мен ғұрып» жобасы

Мақсаты:жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана-тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау. 


Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі



1.Тілдер апталығы аясында іс- шаралар ұйымдастыру (жеке жоспар)


Мәлімет

Гуманитар     бірлестігі және бастауыш сыныптар бірлестігі

Қыркүйек





2.«Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру» жобасы бойынша жоспар жасап,бекітуге ұсыну



Жоспар

Мәлімет

Психолог Г.Жакенбаева



Қыркүйек 



«БПҚР Жаңа жыл тек наурыз айында тойлануы қажет деп санайды» дебат

сілтеме

Дебат клубы

желтоқсан



3.«Дәстүр мен ғұрып»       

8-11 сыныптар арасында дебат өткізу. 

Мәлімет 


Пед-ұйымдастырушы

Тұрсынбаева Қ

Қаңтар



10.«Қызға қырық үйден тыйым» 8-11 сыныптар

(қыздар арасында дөңгелек үстел)

Мәлімет 


«Қызғалдақтар» клубы

Ақпан



11. «Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы» сыныптан тыс ашық шара

Жоспар мәлімет

Оразалиева Г 

16ақпан



12.. Мерекелік іс- шара «Наурыз- жыл басы» (жеке жоспар) 


Мәлімет

Пед ұйымдастырушы

Өзін –өзі басқару ұйымы

Наурыз


4.Бағыты: Мектептегі отбасылық тәрбие «Отбасы-орта мектеп»жобасы

Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық –педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру 


 Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі



1.Ата- аналар комитетінің жұмысын ұйымдастыру, жылдық жоспарын құру, (жеке жоспар)   ата-аналар комитетін сайлау 

2.Мектепішілік ата аналар жиналысын өткізу 

Мәлімет

хаттама 

ДТІЖО

Психолог

Әлеуметтік педагог

Қыркүйек


Тоқсанына                    1 рет



3.Аналар клубы ,әкелер клубын құру ,жоспар жасап бекітуге ұсыну

Жоспар хаттама мәлімет

ДТІЖО

Ата-аналар комитетінің төрайымы

қыркүйек



4.Қазақстан Республикасындағы  Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекені"  атты іс-шара апталық (жеке жоспар)


Жоспар мәлімет

Пед ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер


12-17.09


5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жоспарын жасап , бекіту

Жоспар 

Әлеуметтік педагог

Қыркүйек



6.«Қыз     тәрбиесі-ұлт болашағы»     дәрігерлермен  кездесу  8-11 сыныптар

Хаттама, мәлімет 


«Қызғалдақтар» клубы


Қазан



7.«Отбасы – қоғамның ең басты тірегі» ата-аналарға тренинг өткізу  

Мәлімет 


Сынып жетекшілер

Психолог

Жоспарға сәйкес



8.«Ұлдың  ұяты әкеге » пікір алмасу. (Ұлдармен жұмыс)   8-11 сынып 

Мәлімет 


ДТІЖО

Т. Мейрманов

А.Омар

Қаңтар





9.«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ», «Жыныстық тиіспеушілік» , «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу,түсіндірме жұмыстарын жүргізу


Мәлімет 

Хаттама 

Сынып жетекшілер

Тұрақты түрде



10.«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері жадынама


Жадынамалар тарату 

ДТІЖО

 Сынып жетекшілер

Мамыр


5.Бағыты: Еңбек, экономикалық-және экологиялық тәрбие . «Еңбек –елдің мұраты» жобасы                                                                                                                                         Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту


         Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі



 1. Мектептегі кезекшілікті ұйымдастыру


Кезекшілік кестесі, Мәлімет 

ДТІЖО                         Педагог ұйымдастырушы

Қыркүйек


2. Эко сағаттарын жоспарлау, сынып сағаттарына кіріктіру 


Жоспар 

Сынып жетекшілер

Жоспарға сәйкес


3.Кәсіптік бағдар беру іс-шара жоспарын құру жеке жоспар 

4.«Еңбек-елдің мұраты»  жобасы жеке жоспар

Жоспар мәлімет

ДТІЖО                             Балабай Т

қыркүйек



5.«Мамандық-менің болашағымның таңдауы»                    9- 11сынып     сынып сағаты

Мәлімет 

Сынып жетекшілер

Қараша




 6.«Қалдықтардан жасалған бұйымдар» шығармашылық байқау



Мақтау қағаздары



Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері



Наурыз


Байқоңыр бағымыз ба,сорымыз ба? дебат

Сілтеме

Дебат клубы

сәуір


7.«Еңбек-бәрін жеңбек» сыныптан тыс ашық шара


Жоспар мәлімет




Рахимова И


11 сәуір



8.Сыныпты  және ауланы көгалдандыру жұмыстары

Мәлімет 


Сынып жетекшілер

М.Рахимов

Сәуір



9.«Табиғат туып өскен тал бесігім»

Жоспар мәлімет

Қайыпбек Ә

20 сәуір



6.Бағыты: Зияткерлік тәрбие «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалыс                                                                                                                                                                    Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру. 


Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі



 1.Мектеп оқушыларының бөгде сайттарға  (Порно, Синий кит т.б өз өмірін қиюға жетелейтін сайттарға, діни ланкестік ұйымдар сайттары) кірмеуін бақылау

Мониторинг

Сынып жетекшілер

Тұрақты түрде



2. Буллинг. Кибербуллингтің алдын алу? Ұлдар,қыздар жиналысы

Жоспар ,хаттама анықтама

Әлеуметтік педагог

Ақбар Л

Қараша




3.«Кітап –асыл қазына» сыныптан тыс шара

Жоспар анықтама

Ажибиева Р

5 желтоқсан



«Ғаламтор жастар санасын улауда» дебат


Дебат клубы

қараша



4. «Ойлы болсаң озып көр!» зияткерлік ойын        

Жоспар анықтама

Серік Ж


14  қараша



5.«Тіл - білімнің кілті» интеллектуалды сайыс 

Жоспар мәлімет

Жылқайдарова А

21 қараша



6.«Ғарыш әлеміне саяхат» сыныптан тыс ашық шара

Жоспар мәлімет

Серік Ж

12 сәуір



7. «Қош бол,құтты Әліппем!» әліппемен қоштасу кеші


Жоспар мәлімет


Мәлімет 

Рахимова  И

Желтоқсан




Интернет кітап алмастыра ала ма? дебат 


Дебат клубы

қаңтар


8. «Соңғы қоңырау» салтанатты жиын жеке жоспар


ДТІЖО

Мамыр


7.Бағыт: Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие 

Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайлыққа эстетикалық обьектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде «Ұшқыр ой алаңы» мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру


Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі



1.Оқушылардың мектеп формасын сақтауын қадағалау 


ДТІЖО,                             Сынып жетекшілер


Жыл ағымында


2.Үйірмелер мен спорттық секциялар жұмысын қадағалау


ДТІЖО

Тұрақты түрде


3.«Ұшқыр ой алаңы» мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы» жылдық іс-шара жоспарын әзірлеу

Кесте, мектеп ережесі 

Педагог ұйымдастырушы

Тұрсынбаева Қ

Қыркүйек



4.«Алтын күз» мерекелік іс- шарасы  жеке жоспар

5. Жаңа жылға арналған іс-шаралар жеке жоспар

Жоспар  анықтама

Педагог ұйымдастырушы

Өзін-өзі басқару ұйымы


Қазан

желтоқсан




Қазақстанда Қозы Көрпеш Баян сұлу күнін атап өту қажет 


Дебат клубы

Ақпан



6. «Ғарыш сырлары»  сынып сағаттары

7. «Қош бол,бастауыш!» бастауышпен қоштасу кеші

Жоспар анықтама

Жоспар анықтама

Сынып    жетекшілер


Кожалакова Г

Сәуір


Мамыр



8.Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру 


     Негізгі жұмыстардың бағыттары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар 

Орындау мерзімі



1. «Дені саудың-жаны сау»  таңғы жаттығу 



Мәлімет, 


ДТІЖО, сынып жетекшілер, дене тәрбиесінің мұғалімдері

Қыркүйек



2.«Салауатты өмір салтын қалыптастыру» жеке жоспар

3.«Денсаулық фестивалі-2022» (жеке жоспар)



Жоспар 

Жоспар


Медбике Бакирова Ғ

дене тәрбиесінің мұғалімдері

Қыркүйек 


4.«Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жасөспірім қыздарға жыныстық тәрбие беру» дәріс сабақ.                   ФАП дәрігерлермен кездесу

Дәріс 

Медбике Бакирова Ғ


Болат А

Жоспар бойынша



5.«ЖҚТБ сақтану жолдары» сынып сағаттары                               (7-11 сыныптар)

Мәлімет 


Сынып жетекшілер

Мектеп медбикесі

01.12.2022ж


6.«СПИД- ғасыр індеті» ашық сынып сағаты


Жоспар ақпарат

Серік Д

Саухан А

01.12.2022ж


7.«Нашақорлыққа жол жоқ!» сынып сағаттары 


Жоспар мәлімет

Сынып жетекшілер

Жоспарға сәйкес



8.«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» тақырыпта 

плакат және сурет байқауларын ұйымдастыру. 

Мәлімет, мақтау қағаздары  

Өзін-өзі басқару ұйымы

 «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымы

Желтоқсан



9.Жұқпалы аурулар бойынша диктанттар жазу 


Мәлімет, диктанттар жинағы

Медбике, қазақ тілі пән мұғалімдері 

Уақытында


10.Қысқы спорттық ойындар

Мәлімет 

Дене шынықтыру мұғалімдері

Қаңтар


11. «Салауатты өмір көтеріңкі көңіл» отбасылар спорттық сайыс

Жоспар мәлімет

Дене шынықтыру  пәні мұғалімдері

Ақпан 


12.Жұқпалы аурулардың алды алу бойынша                                   жадынамалар тарату


Жадынама 


Мектеп мейірбикесі

Уақытында 



 13.«Аурудың алдын алу» кеңестер беру жекелей сыныптар бойынша 

Кеңес беру

Ғ.Бакирова

Тұрақты түрде



14.«Спорт-біздің серігіміз» спорттық сайыс

Жоспар мәлімет

Серік Д

Саухан А

21 сәуір



15.«Судағы қауіпсіздік» жадынамалар тарату

Жадынама тарату 

ДТІЖО

Сынып жетекшілер

Мамыр 
















Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары


1.1 Маусым «Балаларды қорғау» күніне байланысты «Бақытты балалық шақ » атты шеруін өткізу.


01.06.23

ДТІЖО

Сынып жетекшілер

Салтанатты шеру

2.Мектеп жанындағы күндізгі пәндік лагерін ұйымдастыру

01.06-20.06/2023

ДТІЖО

Педагог – ұйымдастырушы

Әлеуметтік педагог


3.Әлеуметтік категориядағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру(Қала сыртындағы демалыс орнына жолдама дайындау, мектепішілік лагерге қатыстыру ) оқушылар тізімін жасақтап, өтініштер қабылдау

Маусым

ДТІЖО, әлеуметтік педагог,сынып жетекшілер


4.Қала  сыртындағы және басқа облыстардағы лагерге оқушыларды шығарып салу  (кестеге сәйкес)

Маусым

Әлеуметтік педагог


5.11- сынып түлектерінің салтанатты кешін өткізу


Маусым

Мектеп әкімшілігі

Сынып жетекшілер

Кеш

6.«12 күн бала еңбегінің ең шашар формасымен  күрес» жыл сайынғы республикалық акциясына қатысу. 

7.Еңбек кодексінің «Бала құқығы туралы» бөліміне талдау арқылы ата-аналар мен балаларға  кеңес ұйымдастыру


Әлеуметтік педагог  


ДТІЖО

Педагог – ұйымдастырушы

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер

Мектеп психологы

Жадынама, анықтама  

8.Жетім,қамқорлықтағы балаларды жазғы тынығу, сауықтыру лагерлеріне қамту

Маусым

Мектеп психологы, Әлеуметтік педагог


Мектепішілік бақылау мен басқару

9.Мектеп жанындағы тынығу лагерінің жұмыстарын бақылауға алып отыру

Маусым

ДТІЖО

әлеуметтік педагог



10.Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерін ұйымдастыру шараларына басшылық пен бақылау жасау

Маусым

ДТЖЖО

әлеуметтік педагог

Педагог – ұйымдастырушы


Тәрбие ісін педагогикалық мәліметтік методикалық жағынан қамту

11.Жас сынып жетекшілерге арнайы әдістемелік көмек беретін отырыс ұйымдастыру

Маусым

ДТІЖО


Мектеп парламенті


12.«Балдәурен -  жазы көңілді жазғы тынығу» лагері тынығушыларымен көңілді іс-шаралар ұйымдастыру

Маусым

Педагог - ұйымдастырушы


Тәрбиелік шара

ІҮ. Кадрлық қамтамасыз ету

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ курстарында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру

курс,

семинар

ОББ, ОӘК, ҚББ, АББ

2022  2023 оқу жылы











                                         Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                                   С.А.Толегенова