2022-2023 оқу жылының 10 ҚГБ - сынып тәрбие жоспары. Сынып жетекшісі Серік Данна Серікқызы
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 472 бұйрығына
1-қосымша
«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 10 ҚГБ - сыныптың
2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері
ТАҚЫРЫБЫ:
"Қазақстан Республикасының азаматы, патриоты" жаңа қоғам жағдайында "Рухани жаңғыру" жобасын тәрбие үдерісіне енгізу арқылы жеке тұлға бейнесін қалыптастыру.
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жоғары адамгершілік тұлға, патриот тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Әр оқушының бойындағы қабілеті мен дарындылығын байқау, дамыту және оның өзін-өзі дамытуына, қоғамдық қарым-қатынастарды оң әсер дағдысының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау.
- Тұлғаның толыққанда азамат болып қалыптасуының негізгі ретінде денсаулығының нығаюына, салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау.
- Дарынды балаларды оқыту барысында шығармашылық байқаулар мен сайыстарды көбірек ұйымдастырып, білім беру нарығында мұғалімдер бәсекелестігіне жағдай жасау.
- Әр оқушының қызығушылығы, қабілетіне байланысты мамандық таңдауына жан – жақты көмек беру.
ТҮСІНІК ХАТ
«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары ҚР білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа ала отырып құрылды.
Тәрбие жұмысы 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінде көрсетілген төмендегідей бағыттар бойынша жоспарланып, жүргізіледі:
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы талаптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның ең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:
І. Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие және құқықтық тәрбие
ІІ. Рухани- адамгершілік тәрбие
ІІІ. Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру
ІҮ. Мектептегі отбасылық тәрбие
Ү. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
ҮІ. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
ҮІІ. Зияткерлік тәрбие құндылығы
ҮІІІ. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ: Тәрбие тұжырымдамасының сегіз бағытын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жеті құндылығымен ұштастыра отырып жүзеге асырылады.
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БАСТЫ 7 ҚҰНДЫЛЫҒЫ:
- Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
- Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
- Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
- Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
- Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
- Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
- Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы
2022-2023 оқу жылының жоспарын жасау барысында 2022-2023 оқу жылына арналған «Әдістемелік нұсқау хатында» көрсетілген атаулы даталарды, ұсынылған жобаларды басшылыққа алып, еріктілер тобының жұмысын енгізіп, туған өлкенің қасиетті жерлеріне саяхаттар енгізіліп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығымен әзірленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде жасалып жұмыс жоспарына енгізілді.
Негізгі басым бағыттарға қоса оқушы өмірінің қауіпсіздігі, балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу, балалар мен жасөспірімдер бойында жағымды өмірлік ұстаным қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу, оқушылардың өзін-өзі басқару органы мен жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың жазғы еңбек практикасын және сауықтыру демалысын ұйымдастыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілерімен әдістемелік жұмыс, тәрбие жұмысын бақылау, тәрбие жұмысы жүйесінің мониторингілеу жұмыстары жоспарланды.
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта жүзеге асады.
2022-2023 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілін енгізу тәрбие жұмысының ерекшелігі болып табылады.
Жобаның мақсаты:
- білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту;
- білім алушылардың өзін-өзі тануын, өздігінен дамуын, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру;
- экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын тәрбиелеу.
Тәрбие жүйесін білім беру ұйымының ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Білім алушылардың дамуы үшін жобаны жүзеге асыруға барлық қызметкерлер өз үлесін қосады. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес, «Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс. Өзінің өнегелі үлгісі негізінде баланы тәрбиелеу – мақсатқа жеткізетін бірден-бір дұрыс тәрбие көзі болып табылады. Бұл бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен, әлеуметтенудің басқа нысандарымен білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста және ынтымақтастықта тәрбие жұмысының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырады:
Тәрбие саласына қатысты қазақстандық және халықаралық мерекелер мен атаулы күндер:
- 30 тамыз - ҚР Конституциясы күні;
- 1 қыркүйек - Білім күні;
- 10 қыркүйек - Отбасы күні;
- 15 қыркүйек - Денсаулық фестивалі. (1 аптасы.)
- 22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері мерекесі күні;
- 1 қазан - Қарттар күні;
- 2 қазан - Ұстаздар күні;
- 25 қазан – Республика күні
- 15 қараша - Ұлттық валюта күні;
- 20 қараша – Балалар құқығытуралы Конвенция күні;
- 1 желтоқсан – Дүниежүзілік АҚТҚ/ЖҚТҚ күрес күні
- 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні;
- 26.12 - 30.12. – Жаңа жыл.
- 12 қаңтар - Д.А.Қонаевтың туған күні
- 15 ақпан - Кеңес әскерінен Ауғанстаннан шығарылған күні.
- 1 наурыз - Алғыс айту күні.
- 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
- 22 Наурыз – Наурыз мерекесі;
- 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні;
- 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні;
- 10 сәуір - 21 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты Республикалық ақпараттық науқан
- 12 сәуір – Ғылым және Космонавтика күні;
- 1 мамыр - халықтар достығы және ынтымақтастығы күні;
- 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;
- 9 мамыр - Жеңіс күні;
- 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні;
- 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні.
- 1 маусым - Балаларды қорғау күні;
- 4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күні;
2022-2023 оқу жылында құндылықтарға негізделген
оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар ұсынылады:
- «Оқуға құштар мектеп»;
- «Отбасы – орта мектеп»;
- «Құқықтық сана – қауымға пана»;
- «Дәстүр мен ғұрып»;
- «Еңбек – елдің мұраты»;
- «Үнем – қоғам қуаты»;
- «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет»
- «Психологиялық көмек көрсету және мектептің татуластыру қызметтерін ұйымдастыру»
- «Қоғамға қызмет»;
- «Мектептегі бір күн»;
- «Дебат» қозғалысы;
- Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымдары;
- «Өзін-өзі басқару күні», «Өзін-өзі басқару аптасы» жобалары;
- «Музей сабақтары» – «Музей күні» жобасы;
- «Театр сабақтары» жобасы.
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНТІЗБЕЛІК КҮНДЕР:
1. Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына – 355 жыл;
2. Кенесары Қасымұлының туғанына – 220 жыл;
3. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
4. Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 110 жыл;
4. Мәншүк Мәметованың туғанына – 100 жыл;
5. Талған Бигелдиновтің туғанына – 100 жыл;
6. Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл;
7. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл;
8. Қазақстанның БҰҰ құрамына кіргеніне – 30 жыл;
9. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл
ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ БАСШЫЛЫҚҚА АЛЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесі құжаттар:
- «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;
- 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext;
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
- «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
- «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
- «Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/
Тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар | |||||||||
1.Бағыты: Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиелеу, құқықтық тәрбие Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру. « Құқықтық сана- қауымға пана» жобасы | |||||||||
№ | Негізгі жұмыстардың бағыттары | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі | |||||
1 | Әр дүйсенбіде сабақты Гимнмен бастауды дәстүрге айналдыру | Гимн айту | Сынып жетекші | Әр дүйсенбі | |||||
2 | «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өту | Фотоесеп | Сынып жетекші | 1 - қыркүйек | |||||
3 | «Оқушылардың ұялы телефонды қолдану ережесі» дәрістер жүргізу | Дәріс | Сынып жетекші | Үнемі | |||||
4 | ЖЖЕ бойынша, өмір қауіпсіздігі, үй жағдайындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру | Түсіндірме жұмысы | Сынып жетекші | Сынып сағаттарында | |||||
5 | «Әдепті адам-әдемі адам» оқушылар арасында бейәлеуметтік құбылыстардың нашақорлық, темекі шегу және алкоголизмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру | Мәлімет | Сынып жетекші | Уақытында | |||||
6 | «Түнгі ауылдағы балалар», «Жасөспірім» рейд жұмыстарын ұйымдастыру | Мәлімет | Сынып жетекші Ата-аналар | Үнемі | |||||
7 | ҚР тілдер күні «Тілге құрмет-елге құрмет» апталығына оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету | Фотоесеп | Пән мұғалімдері | Қыркүйек | |||||
8 | «Рәміздер туралы не білеміз? Сауалнама алу | Анықтама | Сынып жетекші | Қыркүйек | |||||
9 | Рәміздер күні – 30 жылдығы «Рәміздер – ел беделі» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 10 қазан | |||||
10 | 25 қазан – Республика күні «Менің Отаным – Қазақстан» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 24 қазан | |||||
11 | 20 қараша Балалар құқығы туралы Конвенция күні «Бала құқығы – асыл қазына» дөңгелек үстел | Мәлімет | 9-11 сынып жетекшілер | 7 қараша | |||||
12 | «Өз құқыңды білесің бе?» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 21 қараша | |||||
13 | «ХХІ ғасырдағы сана-терроризм мен экстремизмге жол бермеу» топтық сағат | Мәлімет | Тұрсынбаева Қ Серік Д Саухан А | Қараша | |||||
14 | 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні «Тәуелсіздік белестері» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 12 желтоқсан | |||||
15 | «Терроризм - адамзаттың қасіреті» түсіндірме жұмыстары | Мәлімет | Сынып жетекші | Жоспарға сәйкес | |||||
16 | «Жасөспірім және қылмыс» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 19 желтоқсан | |||||
17 | «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» Ауған соғысы ардагерлері туралы таныстырылым | Фотоесеп | Сынып жетекші | 13 ақпан | |||||
18 | «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» | Таныстырылым | Сынып жетекші | Жоспарға сәйкес | |||||
19 | Мектеп ережесі-мектеп өмірінің заңы. Оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын таныстыру. | Таныстырылым | Сынып жетекші | Тұрақты түрде | |||||
20 | 12 сәуір - Ғарышкерлер күні «Ғарыш қырандары» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 10 сәуір | |||||
21 | 1 мамыр - Ынтымақ күніне өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін көрсету «Ынтымағы жарасқан ел!» сынып сағаты | Фотоесеп | Сынып жетекші | Мамыр | |||||
22 | ҚР Рәміздерін насихаттау мақсатында сынып сағаттарында тұрақты түрде түсіндірме жұмыстар жүргізу | Мәлімет | Сынып жетекші | Тұрақты түрде | |||||
23 | 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні «Жас Ұландар – мақтанышы елімнің» әскери патриоттық сайыс | Мәлімет | 9-11 сынып жетекшілер | Мамыр | |||||
24 | 9 мамыр – Жеңіс күні «Ер мен жердің жеңісі» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 8 мамыр | |||||
25 | Саяси қуғын сүргіндер құрбандарын еске алу күні «Саяси құрбандар» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 22 мамыр | |||||
26 | «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 29 мамыр | |||||
27 | «Жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі» жадынама | Жадынама | Сынып жетекші | Мамыр | |||||
2.Бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие . «Қоғамға қызмет» жобасы Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру» құндылықтары негіздерінің, оның ішінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» | |||||||||
№ | Негізгі жұмыстардың бағыттары | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі | |||||
1 | «Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасы «Мектепке жол» акциясына аз қамтылған оқушылардың тізімін беру | Тізім | Сынып жетекші | Қыркүйек | |||||
2 | Кітап оқуды қолдау және кітаптың мәртебесін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын ұйымдастыру | Мәлімет | Кітапханашы Пән мұғалімдері Сынып жетекші | Қыркүйек | |||||
3 | Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 5 қыркүйек | |||||
4 | Ұстаздар күні «Ұстаз - ұлы тұлға» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 3 қазан | |||||
5 | «Кітап оқу арқылы өзін-өзі дамыту» (Бір сынып-бір кітап) флешмоб | Бейнежазба | Тұрсынбаева Қ Серік Д Саухан А | 21-26 қараша | |||||
6 | «Мейірбандылық жүректен» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру. | Мәлімет | Әлеуметтік-педагог Сынып жетекші | Желтоқсан | |||||
7 | М.Әуезовтің туылғанына 125 жыл «Қазақ әдебиетінің тарланы» шеберлік сынып | Мәлімет | Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері 9-11 сынып жетекшілері | 5 желтоқсан | |||||
8 | Д.А.Қонаевтың туған күні «Шоқтығы биік ұлы тұлға» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 9 қаңтар | |||||
9 | 1 наурыз - Алғыс айту күні «Алғысым шексіз бәріне!» тренинг | Мәлімет, фотоесеп | 9-11 сынып жетекшілері | 27 ақпан | |||||
10 | 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні «Анаға құрмет – балаға міндет» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 6 наурыз | |||||
3.Бағыты: Ұлттық тәрбие. «Дәстүр мен ғұрып» жобасы Мақсаты:жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана-тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау. | |||||||||
№ | Негізгі жұмыстардың бағыттары | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі | |||||
1 | 1 қазан – Қарттар күні «Төріңнен қарт кетпесін» сынып сағаты | Фотоесеп | Сынып жетекші | 26 қыркүйек | |||||
2 | «Алтын күз – 2022» мектепішілік іс-шараға қатысу | Фотоесеп | Сынып жетекші | Қазан | |||||
3 | Қазыбек би 355 жылдығы «Аталар сөзі – тәрбие көзі» | Мәлімет | Сынып жетекші | 17 қазан | |||||
4 | 15 қараша – Ұлттық валюта күні «Теңге – тәуелсіздік белгісі» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 14 қараша | |||||
5 | «Өз жеріңді таны» зерттеу жұмысы | Таныстырылым | 9-11 сынып жетекшілері | 6 ақпан | |||||
6 | «Наурыз- жыл басы» мектепішілік іс-шараға қатысу | Фотоесеп | Сынып жетекші | Наурыз | |||||
4.Бағыты: Мектептегі отбасылық тәрбие «Отбасы-орта мектеп»жобасы Мақсаты: ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық –педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру | |||||||||
№ | Негізгі жұмыстардың бағыттары | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі | |||||
1 | Ата- аналар комитетінің жұмысын ұйымдастыру, жылдық жоспарын құру, ата-аналар комитетін сайлау | Мәлімет хаттама | Сынып жетекші | Қыркүйек | |||||
2 | Қазақстан Республикасындағы Отбасы күніне орай «Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя" сынып сағаты | Фотоесеп | Сынып жетекші | 12 қыркүйек | |||||
3 | «Әрбір отбасы – мемлекеттің қорғауында» құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізу | Фотоесеп | Серік Данна Турсынбаева Қ Саухан А | Қыркүйек | |||||
4 | Ата –аналар жиналысын өткізу | Хаттама | Сынып жетекші | Тоқсанына 1 рет | |||||
5 | «Отбасы – қоғамның ең басты тірегі» ата-аналарға тренинг өткізу | Мәлімет | Сынып жетекші Психолог | Жоспарға сәйкес | |||||
6 | «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ», «Жыныстық тиіспеушілік» , «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу,түсіндірме жұмыстарын жүргізу | Мәлімет | Сынып жетекші | Тұрақты түрде | |||||
7 | Халықаралық отбасы күні «Отбасы – шағын мемлекет» пікірталас | Мәлімет | 9-11 сынып жетекшілері | 15 мамыр | |||||
8 | «Мектептегі бір күн» ашық есік күні | Сабақтарға қатысу, кеңес | Сынып жетекші | Әр айдың 5-15 аралығы | |||||
9 | «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері жадынама | Жадынамалар тарату | Сынып жетекші | Мамыр | |||||
5.Бағыты: Еңбек, экономикалық-және экологиялық тәрбие . «Еңбек –елдің мұраты» жобасы Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту | |||||||||
№ | Негізгі жұмыстардың бағыттары | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі | |||||
1 | Мектептегі кезекшілікті ұйымдастыру | Кезекшілік кестесі, Мәлімет | Сынып жетекші | Қыркүйек | |||||
2 | Эко сағаттарын жоспарлау, сынып сағаттарына кіріктіру | Жоспар | Сынып жетекші | Жоспарға сәйкес | |||||
3 | «Менің мамандығым, менің болашағым» дөңгелек үстел | Мәлімет | 9-11 сынып жетекшілері | 16 қаңтар | |||||
4 | «Еңбек түбі - береке» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 13 ақпан | |||||
5 | Сыныпты және ауланы көгалдандыру жұмыстары | Фотоесеп | Сынып жетекші | Сәуір | |||||
6 | «Қоқыстан қалдық қалмасын» шеберлік сағат | Фотоесеп | 9-11 сынып жетекшілері | 17 сәуір | |||||
6.Бағыты: Зияткерлік тәрбие «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалыс Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру. | |||||||||
№ | Негізгі жұмыстардың бағыттары | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі | |||||
1 | Мектеп оқушыларының бөгде сайттарға (Порно, Синий кит т.б өз өмірін қиюға жетелейтін сайттарға, діни ланкестік ұйымдар сайттары) кірмеуін бақылау | Түсіндірме жұмысы | Сынып жетекші | Тұрақты түрде | |||||
2 | «Біз өзімізді буллинг және кибербуллингтен қалай қорғаймыз?» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 13 наурыз | |||||
3 | «Білім додасы» интеллектуалды ойын | Мәлімет | 9-11 сынып жетекішілері | 3 сәуір | |||||
4 | «Қауіпсіз интернет» сынып сағаты | Мәлімет | 9-11 сынып жетекшілері | 24 сәуір | |||||
7.Бағыт: Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие Мақсаты: Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайлыққа эстетикалық обьектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде «Ұшқыр ой алаңы» мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру | |||||||||
№ | Негізгі жұмыстардың бағыттары | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі | |||||
1 | Оқушылардың мектеп формасын сақтауын қадағалау | Сынып жетекші | Жыл ағымында | ||||||
2 | Үйірмелер мен спорттық секциялар жұмысына қатысуын қадағалау | Сынып жетекші | Тұрақты түрде | ||||||
3 | «Алтын күз» мерекелік іс- шарасына және Жаңа жылға арналған іс-шараларға қатысу | Фотоесеп | Сынып жетекші | Қазан желтоқсан | |||||
4 | «Әдептен озбайық» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 26.12.2022 | |||||
5 | Р.Бағланованың 100 жылдығы «Ғасыр әншісі» әдеби-сазды кеш | Фотоесеп | 9-11-сынып жетекшілері | 23.01.2023 | |||||
8.Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру | |||||||||
№ | Негізгі жұмыстардың бағыттары | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі | |||||
1 | «Дені саудың-жаны сау» таңғы жаттығу | Сынып жетекші | Қыркүйек | ||||||
2 | «Денсаулық фестивалі-2022» «Денсаулық – зор байлық» спорттық ойын сабағы | Фотоесеп | Сынып жетекші | 19 қыркүйек | |||||
3 | «Қауіпті індеттен сақтану жолдары» стенд жасау | Стенд жасау | Сынып жетекші | Қазан | |||||
4 | «Зиянды әдеттерден аулақ болайық» бейнефильмдер көрсетілімі | Бейнероликтер, мәлімет, кездесу | Сынып жетекші Медбике | Қазан | |||||
5 | «СПИД- ғасыр індеті» ашық сынып сағаты | Ақпарат | Серік Д Саухан А | 28 қараша | |||||
6 | «Нашақорлық - шын қорлық!» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 27 наурыз | |||||
7 | «Салауатты өмір – жарқын болашақ» сынып сағаты | Мәлімет | Сынып жетекші | 20 ақпан | |||||
8 | «Спорт-біздің серігіміз» спорттық сайыс | Мәлімет | Серік Д Саухан А | Сәуір | |||||
9 | «Судағы қауіпсіздік» жадынамалар тарату | Жадынама тарату | Сынып жетекші | Мамыр | |||||