«Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»
01
сентябрь
2022

«Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»

 2022  жылдың   1 қыркүйек   күні -  «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны мектеп  алаңында   өткізілді.

Мақсаты – жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл – күй ,оң көзқарас қалыптастыру.


01.09  күні  «Алғашқы қоңырауға» арналған «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиынының іс – шаралар   жоспары  жасалып, бекітілді. Мектеп  алаңы  баннерлер, жалаушалар, гүлдер, салтанатты  жиынға   арналып безендірілді. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде.Атап айтар болсақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы,Қазақстанның БҰҰ-ға кіруіне 30 жыл,Мәншүк Мәметованың 100 жылдығы, Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы, Роза Бағланованың 100 жылдығы, Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығы,2022 жылы Балалар жылы.Алғашқы қоңырау   салтанатты  жиынға мектеп оқушылары,   1сынып білім алушыларының ата -   аналары, мектеп  ұжымы, арнайы   шақырылған  қонақтар,ауыл  әкімшілігі, «Миялы» ауылдық округінің әкімі Мырзахметов Асқар Айтаханұлы, Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Иманәлиев Дәурен Жумазиұлы және  зейнеткер ұстаздар қатысты.Жиын   барысында  Қазақстан  Республикасының  Гимні   орындалып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы астында білім алушылар қатар түзеп, тік тұрды. Алғашқы  сөз   кезегін  мектеп директоры  Жумабеков Бекзат Омарұлы  «1 қыркүйек – Білім күніне» ұстаздарды, ата – аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны қоңырауды соғу құрметіне ие болғандар Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер Сембай Талант  пен Ералықызы Ерке ие болды.Білім күніне арналған салтанатты жиынан соң білім алушылармен «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.