07
февраль
2022
"Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала тұлғасына ықпалы" тренинг
«Отбасындағы қарым-қатынас және оның бала тұлғасына ықпалы» атты тренинг – сабағы өтті. Ата-ананың тілегі–баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата–ана.
