21
февраль
2022
Ата-аналарға арналған жадынама
Ата-аналарға арналған жадынама
Құрметті әкелер мен аналар!
Егер де Сіз тек қана бүгінгі күнмен емес, ертеңге деген сеніммен қарайтын адам болсаңыз, бұл естелік балаңызбен жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі. Баламен жанды қарым-қатынасты ешқашанда үстел үстіндегі балаңыздың фотосына алмастырмаңыз!
- Сіздің балаңыз бен отбасыңыз- өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
- Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз.
- Үйде балаңызбен қарым-қатынас барынша жиі болуын қамтамасыз етіңіз!
- Жұмыстағы/ сырттағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым-қатынасқа аудармаңыз.
- Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз.
- Күнделікті алған бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл-күйі жайлы да сұрастырыңыз.
- Егер қолыңыз босаған жағдайда оның достарымен танысып, араласуға жұмсаңыз.
- Кешіңізді теледидар көру, мағынасыз телефонмен сөйлесулер, кір жуу мен үй жинауға кетіре бермей, балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесіңіз.
- Балаңызды жан-жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, қолыңызды мезгілінен кеш сермеп қалмаңыз!
- Орындалмаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес, сыйлықты ғана күтетін болады.
- Балаңыздың сөзін бөлмеңіз, тоқтатпаңыз, асықпаңыз, оны мұқият тыңдауға тырысыңыз!
- Есіңізде сақатаңыз! Бүгінгі күні балаңыздың Сізбен қарым-қатынасынан айырсаңыз, қартайғанда өзіңізбен қарым-қатынасын үзесіз деген сөз! Есте сақтаңыз: Өмір-бумеранг, бумеранг қайта айналып келеді!
