"Бопсалау, зорлық-зомбылық, құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында түсіндірме жұмысы
«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 2023-2024 оқу жылында 8-11 сынып оқушыларымен «бопсалау, зорлық-зомбылық, құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жүргізілген түсіндірме жұмысының өтілуі туралы
Анықтама
2023-2024 оқу жылында Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Байдүйсен Б қатысуымен 8-11 сынып оқушыларына жасөпірімдер арасында орын алып жатқан «бопсалау мен зорлық-зомбылық, құқықбұзушылықтың алдын алу» мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдердің түнгі уақытта жасалатын қылмыстарының алдын-алу мақсатында оқушыларға кешкі көше тәртібі туралы мәлімет берілді. 8-11 сынып оқушылары арасында зорлық-зомбылық пен бопсалауды анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша бопсалау мен зорлық-зомбылық жағдайында кімнен көмек сұрау керектігі және мектеп те мектептен тыс жерде зорлық-зомбылық фактілері болмайтыны туралы, осындай жағдайда өз құқықтарын қалай қорғай алатындары туралы сауалнамаға жауап берілген. 8-11 сынып ұлдарынан зорлық-зомбылық пен бопсалауды анықтау мақсатында жасырын сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушыларда зорлық-зомбылық туралы түсініктің бары және ол жағдайда не істеу керектігі туралы хабардың бар екендігі анықталды.
