арасында «Мектеп оқушылары арасында бопсалау, әлімжеттікті анықтау» сауалнамасының нәтижесі » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » арасында «Мектеп оқушылары арасында бопсалау, әлімжеттікті анықтау» сауалнамасының нәтижесі
06
март
2023

арасында «Мектеп оқушылары арасында бопсалау, әлімжеттікті анықтау» сауалнамасының нәтижесі

Қарағаш орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің  9-11 сынып оқушылары арасында «Мектеп оқушылары арасында бопсалау, әлімжеттікті анықтау» сауалнамасының нәтижесі бойынша

АНЫҚТАМА

Мақсаты: мектеп оқушыларынан бопсалау, әлімжеттік  пен кибербуллинг туралы хабардарлығын анықтау, мектеп оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалау кибербуллингті  анықтау және алдын алу.

Сауалнамаға Балқаш аудандық прокурор орынбасары Н. Мәлік, Балқаш АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Қ. М. Раушанов, полиция лейтенанты А. Базаралды мен «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ДТІЖО Толегенова С.А., педагог-психолог Жакенбаева Г.Б. қатысты.

Қатысқаны: 9-11 сынып     (барлығы-47  оқушы, қатысқаны- 40 оқушы)


  1. Боспалау дегеніміз не? деген сұраққа оқушылардың 80 % «қысым көрсету, мәжбүрлеу, күш көрсету» деп жауап берсе, 20 % «білмейміз» деп жауап берген.
  2. Саған мектепте немесе мектептен тыс жерде бопсалау көрсетілді ме? сұрағына 100 пайыз оқушылар «ондай жағдай болмады» деп жауап берді.
  3. Сен өзі басқаларға бопсалау  жасалып жатқан уақытта куәгер болдың ба? Деген сұраққа 100 пайыз оқушылар «жоқ, ешқашан ондай жағдайда куәгер болмадым» деп жауап берген.
  4. Сенің ортаңда бопсалаудың  басшы бар ма? - 100%  «жоқ»
  5. Сенің ортаңда топ болып жүріп, бопсалау жасайтын топ бар ма?  - 100%  «жоқ»
  6. Сен өзгелерді қорқыту, ұрып-соғу арқылы ақша жинап жатқанын көрдің бе? - 100%  «жоқ».
  7. «Кибербуллинг дегеніміз не?» деген сұраққа оқушылардың  80 % « әлеуметтік желі арылы қысым көрсету,» деп жауап берсе, 20 % «білмейміз» деп жауап берген.
  8. Саған байланысты кибербуллинг жасалынды ма?  -100%   «жоқ»
  9. Сен өзің өзгелерге кибербуллинг жасадың ба? - 100%  «жоқ»
  10. Әлеуметтік желіде сен танымайтын адамдардан балағат сөздер жазылған смс, тайым салынған видеолар келді ме?  - 100%   «жоқ» 
  11. Боспалау пен кибербуллингке тап болған жағдайда не істеу керек? 90 %  «үлкендерге, ата-анаға айту керек», 10 пайызы «білмейміз» деп жауап берді.
  12. Сені буллинг пен кибербуллингтен қандай заңнамалық құжаттар қорғайды?  90 «Бала құқығы туралы конвенция», 10 пайызы «білмейміз» деп жауап берген

Қорытынды:  

  1. Оқушылардың арасында бопсалау мен әлімжеттік фактілері анықталмады;
  2. Бопсалау  мен әлімжеттік  жағдайына тап болған жағдайда кімге айту керектігін толық түсінген.
  3. Бопсалау мен әлімжеттілік, кибербуллинг туралы оқушыларда түсінік қалыптасқан. 
  4. Оқушыларда бопсалаудың жағдайы, куәгер болу жағдайы болмаған.


Ұсыныс:

  1. Оқушылар арасында боспалау мен әлімжеттіліктің алдын-алу мақсатында сынып жетекшілері әрдайым түсіндірме жұмыстарын жүргізсе;
  2. ЖПҚБ ЮПТ қызметкерлерімен кездесу сағаттарын ұйымдастыру;
  3. Ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу.