2022-2023 оқу жылы жалпы мектепшілік қыздар жиналысы » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылы жалпы мектепшілік қыздар жиналысы
21
сентябрь
2022

2022-2023 оқу жылы жалпы мектепшілік қыздар жиналысы

2022-2023 оқу жылы Қарағаш орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жалпымектепшілік қыздар жиналысы болып өтті. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерін дамыту. 

Күн тәртібінде:

  1. Мектепшілік қыздар жетекшісін сайлау;
  2. «Сырғалым» қыздар клубының ережелерімен таныстыру;
  3. «Ерте жүктілік және жасөспірім» түсіндірме жұмыстары   акушер-гинеколог Жакупова Р.
  4. Қыздардың жеке бас гигиенасы. Медбике: Бакирова Г.К.
  5. «Субмәдениет дегеніміз не?» Мектеп формасы қандай болу керек? Әлеуметтік педагог: Ақбар Л.Б. 

Мектеп қыздарымен мектеп әлеуметтік педагогы Ақбар Л.Б. Субмәдениет дегеніміз не?

Мектеп формасы қандай болу керек? тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Өз сөзінде қазіргі оқушы қыз балалардың мектеп формасы еліктеушіліктің әсерінен өзгеріп жатқандығы туралы айта өтті. Сонымен қатар, Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 бұйрығымен таныстырып өтті.