2022-2023 оқу жылы жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысының өтілуі туралы
«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2022-2023 оқу жылы жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысының өтілуі туралы
Хабарлама
2022-2023 оқу жылының басталуына орай жалпымектепшілік ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде:
- 2021-2022 оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмысының қорытынды есебі.
- 2022-2023 оқу жылының ерекшеліктері;
- Мектеп формасы;
- Мектепке жол акциясының өтілуі. Әлеуметтік педагог Ақбар Л.Б.
- Мектепшілік ата-аналар комитетінің төрайымы мен мүшелірін сайлау
Мектеп жол акциясы бойынша әлеуметтік педагог Ақбар Л.Б. ата-аналарға ақпарат бере отырып, жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіліп жатыр.
Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
ЖМББ қорынан 19 оқушы 37 388 теңге көлемінде қаржылай көмек алды. Жалпы 710 372 теңге бөлінді.
Қарағаш орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында жалпы, 30 оқушыға 435 000 теңге көлемінде демеушілік көрсетілді.
ҚР-ның Оқу-ағарту министірлігінің демеушілігімен 6 оқушыға материалдық көмек көрсетілді.
Оның ішінде толық емес отбасынан шыққан 1 оқушыға демеуші Жанпейсова Бахыт ханым 30 000 теңге көлемінде мектеп киімдері мен оқк құралдарын алып берді.
Жеке кәсіпкер Талканбаев Нургали мырза 3 оқушыға 5000 тенге жалпы 15 000 тенге көлемінде демеушілілік жасады. ПК Динара ЖШС басқарушы директоры Айменов Мырзақасым мырзаның демеушілігімен 4 оқушы, 10 000 теңге көлемінде қаржылай көмек алды.
Ауыл әкімдігінің демеушілігімен 5 оқушы 10 000 көлемінде мектеп сөмкелері мен оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Жалпы сомасы, 50 000 тенге. Динара ранчо ЖШС басқарушы директоры Сатыбалдиев Бакытжан мырзаның демеушілігімен қамқоршылыққа алынған 1 оқушыға 20 000 тенге көлемінде демеушілік көрсетілді. Алматы облысы, Балхаш ауданы Германиядағы Кеңес əскерінің тобы жəне Варшава келісім шарты əскерлерінің тобы, Алматы облысы,Ардагерлер қоғамдық бірлестігінің Ардагерлерінің демеушлігімен үйден оқитын оқушы мен толық емес отбасында тәрбиеленіп отырған бір оқушыға 15 000 тенге көлемінде демеушілік көрсетілді. Ауыл әкімдігінің демеушілігімен бір оқушыға 15 000 тенге көлемінде мектеп құралдары мен мектеп сөмкесі алып берілді.
Мектеп әкімшілігі мен мектеп ұжымның демеушілігімен 4 оқушыға 40 000 тенге көлемінде демекшілік көрсетілді.
Демеуші Атайбеков Нұрлан мырзаның демеушілігімен 3 оқушы 10 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.