28
апрель
2022
«Абайлаңыз !Балалар!»республикалық жедел- профилактикалық акциясы
«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде. 28.04.2022 жылы оқушылардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, балалар арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін және жол ережелерін кеңінен насихаттау мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел – профилактикалық шара өткізілді. Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ УПИ, ЖПҚБ ППТ-нің инспекторлары мектеп оқушыларымен жедел профилактикалық іс-шаралар аясында жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін, балалардың тасымалдау ережелері сақтау, жаяу жүргінші балалардың жол қозғалысын сақтау ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.