"Дұрыс тамақтана біл!"
Қарағаш орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 2023-2024 оқу жылында мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру жоспарына сәйкес «Дұрыс тамақтана біл!» тақырыбында өткізілген түсіндірме жұмысы туралы
Хабарлама
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру жоспарына сәйкес қыркүйек айының 11 жұлдызында 2023-2024 оқу жылында «Дұрыс тамақтана біл!» тақырыбында оқушылармен әлеуметтік педагог Серік Д.С, мектеп медбикесі Бакирова Ғ.К түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: дұрыс тамақтану туралы білімдерін кеңейту, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету.
Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға тамақтану сауаттылығының бес негізі:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы туралы оқушыларға ақпарат берілді.
Сонымен қатар, жеміс-жидектер мен көкөністердің адам ағзасына пайдасы туралы айта өтті.

Әлеуметтік педагог: Серік Данна

