2022-2023 оқу жылы мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру жоспарына сәйкес «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында өткізілген түсіндірме жұмысы туралы » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылы мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру жоспарына сәйкес «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында өткізілген түсіндірме жұмысы туралы
26
сентябрь
2022

2022-2023 оқу жылы мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру жоспарына сәйкес «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында өткізілген түсіндірме жұмысы туралы

Қарағаш орта мектебі  мемлекеттік коммуналдық мекемесі  2022-2023 оқу жылы мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру жоспарына сәйкес «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында өткізілген түсіндірме жұмысы туралы


Хабарлама

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылы «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақыбында оқушылармен әлеуметтік педагог Ақбар Л.Б. түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Мақсаты: дұрыс тамақтану туралы білімдерін, кеңейту,дұрыс тамақта білуге тәрбиелеу, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету.

 Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға тамақтану сауаттылығының бес негізі:

1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы туралы оқушыларға ақпарат берілді. 

Оқушылар дайындап келген суреттері туралы өз ойларын айтты. Сонымен қатар, жеміс-жидектер мен көкөністердің адам ағзасына пайдасы туралы айта өтті.

Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.


Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды.

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.





                                  Әлеуметтік педагог:             Ақбар Л.Б.