"Дұрыс тамақтана біл!"
Бастауыш пән бірлестігінің апталығының жоспарына сәйкес 2-сынып жетекшісі Ажибиева Рима Токбазаровна дүниетану пәнінен «Дұрыс тамақтана біл!" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Адам ағзасына пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуді үйрену. Сабақ жаңа форматта өткізілді.Оқушылардың қабілеттері мен ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар берілді. « Wordwoll» қосымшасынан«Ұяшықты таңда» ойыны жүзеге асты. Оқушылар «Болжау әдісі» арқылы жаңа сабақ тақырыбын тапты. Жаңа сабақ бойынша бейнематериал көрсетілді . https://www.youtube.com/watch?v=jYGQOcCA2JM.«Onlinemektep» платформасыарқылы таныстырылым жасалды.Сергіту сәті «Ритм» әдісі арқылы жүзеге асты. Топтық жұмыс жасалды. Мақсаты:Пайдалы ,зиянды тағамдарды ажырата білу. Пайдалы ,зиянды тағам суреттерін топтастыру болды. ПОПС формуласы арқылы тапсырма орындалды ."Ұлттық тағам құрттың адам ағзасына пайдасы бар ма?« деген сұраққа жауап берді. Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма беріліп оқушыларменжеке жұмыс жүргізілді.Мақсаты: Дұрыс тамақтану ережесін белгілеу болды.Сабақ барысында оқушылар әр тапсырмаға құрылған дескриптор арқылы өзіндік бағалауларын 10 баллдық жүйемен бағалап отырды. Сабақ соңында оқушылар »Тик ток« әдісі бойынша рефлексия жасады.



