«Құзіретті тұлға қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі» коучинг » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Құзіретті тұлға қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі» коучинг
16
май
2022

«Құзіретті тұлға қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі» коучинг

Жаратылыстану-математикалық пән бірлестігінің онкүндігінің жоспарына сәйкес информатика пәнінің мұғалімі Серік Данна Серікқызы «Құзіретті тұлға қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі» тақырыбында коучинг өткізді. Мақсаты : Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша   тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру. Тұлғаның дамуына қолдау көрсету, ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату. Құзіретті тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру. Коучинг барысында «Ақ тілек» тренингі арқылы түрлі –түсті стикерлерге әр түрлі жазылған сөздер қатыстырып, оң жағындағы әріптестеріне тілек айтты. Жемістер арқылы 3 топқа бөлінді. «Құзіретті тұлға деген кім?» деген сұраққа құзіретті тұлғаға тән қасиеттерді жазып, класстер құрды.    «Құзіретті тұлға қасиеттерін ашу», «Құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай?», «Құзіретті тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?» тақырыптарында топтық жұмыс жасады. Коучинг соңында «Тілек шамы» арқылы коучингтен алған әсерлерін жазды.