Іс-шаралар » Страница 3 » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Біз мектепке барамыз!" ертеңгілігі
19
май
2022
"Біз мектепке барамыз!" ертеңгілігі
Мектебімізде МАД тобының бүлдіршіндерімен "Біз мектепке барамыз! " тақырыбында ертеңгілік өткізілді.Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық сыныбынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу. Тәрбиешісі: Тансыкбаева Г. Б.
"Отбасы - асыл қазына" сурет байқауы
16
май
2022
"Отбасы - асыл қазына" сурет байқауы
Технология пәнінің мұғалімі Балабай Талғат Балабайұлы Отбасы күні мерекесіне орай "Отбасы-асыл қазына" тақырыбында сурет байқауын өткізді. Байқауға оқушылар белсене қатысып, шығармашылық жұмыстары бойынша оқушыларды марапаттады.
"Елін қорғау - ерге серт" патриоттық кеш
13
май
2022
"Елін қорғау - ерге серт" патриоттық кеш
06.05.2022 ж күні «Қызғалдақтар» қыздар клубының жетекшісі Бейсетаева Н.А 8-11-сынып қыздарымен бірлесіп, мектебіміздегі ер азаматтарға арнап патриоттық кеш өткізді. Кеш барысында патриоттық әндер, билер, қызықты ойындар ойнатылды.  
"Мықты отбасы - мемлекеттің әл-ауқатының негізі" кездесу кеші
13
май
2022
"Мықты отбасы - мемлекеттің әл-ауқатының негізі" кездесу кеші
Қарағаш орта мектебінде 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай «Мықты отбасы – мемлекеттің әл – ауқатының негізі» атты кездесу кеші өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар 6 - сынып жетекшісі: Оразалиева Г, 7 – сынып жетекшісі: Оспанбаева Г, 8 – сынып жетекшісі: Турсынбаева Қ. Кештің мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып,
"Ал, қанеки, жігіттер!" сайысы
12
май
2022
"Ал, қанеки, жігіттер!" сайысы
Мектебімізде 05.05.2022ж күні Алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Мейірманов Талдыбай Таңқайұлының жетекшілігімен «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай 8-11 сынып ұлдары арасында «Ал, қанеки, жігіттер!» сайысы өтті. Мақсаты : Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Сайыс барысында әр сыныптың жігіттері спорттық жаттығулар арқылы күштерін сынады. Бағдарлама бойынша әр
"Жігіт сұлтаны" байқауы
04
май
2022
"Жігіт сұлтаны" байқауы
Балалар жылына орай бастауыш пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті. Мақсаты :   Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Байқау соңында 1-сынып оқушысы Берлыхан Батырхан
"Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі" танымдық сағаты
03
май
2022
"Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі" танымдық сағаты
Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жылдық мерей тойына орай Қарағаш орта мектебінде 5 сынып оқушыларымен кітапханашы Макибаева Сауле ханым " Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі" тақырыбында танымдық сағат өткізді. Мектеп кітапханасына Талғат Бигелдиновке арналып бұрыш жасалды.
"Қалдықтардан бұйым жасау" тақырыбында сыныптан тыс іс шара
28
апрель
2022
"Қалдықтардан бұйым жасау" тақырыбында сыныптан тыс іс шара
Көркем еңбек пәні мұғалімі Балабай Талғат Балабайұлы "Қалдықтардан бұйым жасау" тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізді.  Мақсаты: оқушыларға қалдық заттардан бұйым жасауды үйрету,таныстыру,жасалу жолдарын көрсету, жапсырмалауды үйрету.
"1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні"  бірлік сабақтар
26
апрель
2022
"1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні" бірлік сабақтар
Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.      Мектебімізде 26.04.2022 ж күні МАД, 1-11 сынып жетекшілері «1 мамыр –
"Нашақорлыққа қарсымыз!" челлендж
25
апрель
2022
"Нашақорлыққа қарсымыз!" челлендж
«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 9-11 сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа қарсымыз!» атты челлендж өтті. Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту.