"Ал, қанеки, жігіттер!" сайысы » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ал, қанеки, жігіттер!" сайысы
12
май
2022

"Ал, қанеки, жігіттер!" сайысы

Мектебімізде 05.05.2022ж күні Алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Мейірманов Талдыбай Таңқайұлының жетекшілігімен «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай 8-11 сынып ұлдары арасында «Ал, қанеки, жігіттер!» сайысы өтті. Мақсаты : Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Сайыс барысында әр сыныптың жігіттері спорттық жаттығулар арқылы күштерін сынады. Бағдарлама бойынша әр сынып өздерін таныстырып өтті. 

           «Турникке тартылу» сайысы бойынша 11-сынып «Батырлар» тобының жігіттері 88 ұпай санымен өздерінің мықты екендерін көрсете білді.

«Кеудені еденнен көтеру» сайысы бойынша 9-сынып «Жалын» тобының жігіттері  141 ұпай санымен өздерінің мықтылықтарын көрсете білді.

  «Эстафеталық ойын» сайысы бойынша 9-сынып «Жалын» тобының жігіттері 12,09 секундта тапсырманы орындап, өздерінің шапшаңдықтарын көрсете білді. 


            «Арқан тартыс» сайысы бойынша 11-сынып «Батырлар» тобының жігіттері өздерінің күштерін көрсете білді.
«Кім мерген?», «Кім жүйрік? сайыстары бойынша 11-сынып «Батырлар» тобының жігіттері өздерінің мерген, жүйрік екендерін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды 11-сынып «Батырлар» тобы, ІІ орынды 9-сынып «Жалын» тобы, ІІІ орынды 10-сынып «Алаш ұлдары», 8-сынып «Тұлпар» топтары жеңіп алды. Оқушыларды педагог-ұйымдастырушы Азимбаева М,О мен технология пәнінің мұғалімі Балабай Т.Б марапаттады.