19
октябрь
2023
"Скулшутинг феномені: себептері мен алдын алу шаралары" ақпараттық сағат
19 қазан күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толегенова С.А, мектеп психологы Жакенбаева Г.Б, әлеуметтік педагог Серік Даннаның 7-11 сынып оқушыларына "Скулшутинг феномені: себептері мен алдын алу шаралары" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында оқушыларға скулшутинг дегеніміз не, оның себеп-салдары неде, оған не әсер етеді, оның әлемде алатын орны қандай және бұл феноменмен қалай күресуге болатынын оқушылармен бірге талқылай отырып, толық мағлұмат берілді.