"ХХІ ғасырдағы сана – терроризм мен экстремизмге жол бермеу" топтық сағаты
Қарағаш орта мектебінде 14.11.2022 жылы күні 9 – 11 сынып оқушыларының қатысуымен «ХХІ ғасырдағы сана - терроризм мен экстремизмге жол бермеу» атты топтық сағаты өтті. Мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу. Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.
Топтық сағат барысында ең алдымен оқушылар топқа бөлінді.Тарихшылар, дінтанушылар, саясаткерлер болып үш топқа бөлініп отырды. Топтық сағатқа қатысушы қонақтармен таныстырып өттік. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толегенова Сауле Абдрешовна.Құқық пәнінің мұғалімі Турсынбаева Кымбат Модахуновна т.б
Әр топ терроризм, экстремизм, радикализм, салафизм терминдеріне анықтама беріп өтті.

Осыдан соң құқық пәнінің мұғалімі Турсынбаева Кымбат Модахуновнаға сөз кезегі берілді. Оқушыларға бейнебаян ұсынылып, бейнебаян бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

Әрі қарай топтық жұмыс орындалды. «Қандай діни атты жамылған ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?» сұрағына байланысты әр топ постер қорғады.


Топтық сағат соңында сарапшыларға сөз беріліп, өздерінің статистика бойынша пікірлерін айтып, сараптап өтті.

Қорыта келе діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түсетіндігі оқушыларға жете түсіндірілді. Жат ағымдардың жетегінен ермей әрдайым тура жолдан таймаулары керектігі ескертілді.