22-наурыз - "Қош келдің, Әз - Наурыз!"
Қарағаш орта мектебінде мектеп оқушыларының және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Қош келдің,Әз- Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді. Ұлыстың Ұлы күнгі Наурыз мерекесіне арналған шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толегенова Сауле құттықтау сөзімен ашып, Қызыр бабаның аудио жазба дауысымен жазылған ақ батасымен ашылды. Мереке күні мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен түрлі спорттық жарыстар өткізілді, «Бақ дарытар бақ Наурыз» тақырыбында плакаттар, көрме ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы жиналған қауымға «Пати бауырсақ» берді. Шараға келген қонақтар құттықтау сөз сөйледі.
Шараның өткізілу барысында мектеп өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Мектептің бишілері би- билеп, ән салды. Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары қазақтың салт -дәстүрлерінен («тұсау кесу», «бесікке салу») көрініс көрсетті. Өнерпаздар мен спорттық жарыстарда жеңімпаз атанғандарға ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағызы және сыйлықтар берілді. Мерекелік шара соңы биге ұласты.



