"Ерлікке тағзым" ерлік сағаты
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 77 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбірім үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Мектебімізде «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне орай жас мамандар Қайыпбек Ә мен Болат А «Ерлікке тағзым» тақырыбында ерлік сағатын өткізді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы, елін жаудан қорғап қалған ержүрек отандастарымыз туралы түсінік беру; туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру; ата - бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі - өнеге тұту; елжандылыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Шара барысында Жеңіс күніне арналған әдеби монтажы, өзіміздің ауданнан шыққан соғыс ардагерлері туралы мәліметтер айтылды. 10-сынып оқушысы Болат Т және Мұхитұлы Н «Бақтыораз Бейсекбаев және Мұсабек Сеңгірбаев жайында таныстырылым» көрсетті. Жеңіс күніне орай 8,9-сынып қыздары «Алға Қазақстан!, «Катюша» биін билеп, 2-сынып оқушылары Басқарбай Жігер, Жұмахан Айқын патриоттық әндер айтты.


